Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді
Жаңалықтар

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025328 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету бойынша тұрақты оң динамика сақталуда. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2 жағдайды құрады, бұл белгіленген нысаналы деңгейден төмен және елдегі ең үздік нәтижелердің бірі болып саналады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған ерте диагноз қою маңызды рөл атқарады. Онкологиялық қызмет жұмысының және медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының белсенді қатысуының арқасында ерте кезеңдерде анықталған аурулардың үлесі едәуір өсті.

Мәселен, егер 2019 жылы 0–I-кезеңдерде обырды анықтау үлесі 33,6%-ды құраса, 2025 жылдың ортасына қарай ол 39,9%-ға жетті.

Бұл Қазақстанның барлық онкология орталықтарынык арасында ең үздік көрсеткіш.

Сонымен қатар, визуалды немқұрайлылық деңгейі төмендеді — визуалды қолжетімді локализациядағы ісіктер кеш сатыларда (III–IV) анықталған жағдайлар. Егер 2019 жылы мұндай жағдайлар 10% болса, 2025 жылы — 7%. Осы маңызды индикатор бойынша Алматы да ел өңірлерінің арасында бірінші орында тұр.

Мұндай нәтижелерге жүйелі скринингтік жұмыстың, сондай-ақ онкологиялық ауруға күдікті пациенттер үшін «жасыл дәліз» қағидаттарын қатаң сақтаудың арқасында қол жеткізілді. Скрининг МСАК жұмысы шеңберінде жүргізіледі және обырдың ең көп таралған түрлерін — жатыр мойны, сүт безі және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған.

Ағымдағы жылдың алты айында Алматыда скринингтік зерттеп-қараулармен қамту жылдық жоспардың орта есеппен 52,6%-ын құрады.

Жатыр мойны обыры бойынша 46 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды, аурудың 20 жағдайы, олардың 80%-ы бірінші кезеңде анықталды. 411 обыралды жағдайы да анықталды.

Сүт безі обырының скринингі бойынша 60 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды, обырдың 104 жағдайы, оның 62,5%-ы бірінші кезеңде анықталды. Колоректалдық обыр скринингінің шеңберінде 62 мың адам зерттеліп-қаралды, аурудың 19 жағдайы, олардың жартысына жуығы да бастапқы кезеңде анықталды. Сонымен қатар, 240-тан астам адамда обыралды өзгерістер анықталды.

Скрининг ауруды симптомдар пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді, бұл пациенттің тиімді емделу және толық қалпына келу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.