Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды
Жаңалықтар

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025739 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінді.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілді.

Биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Жалпы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында биыл 77 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік жетекші университеттермен серіктестікте жұмыс істейтін 20-ға жуық жоғары оқу орны студенттерді қабылдай бастады. Бұл – Қазақстанды өңірлік білім хабы ретінде қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп.

Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады.

Дарынды жастарды қолдау мақсатында конкурссыз берілетін гранттар қарастырылған, олар – халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары.

Бұдан бөлек, министрлік жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша тетіктерді енгізді.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 5 жасар балаға есепшот ашу кезінде бастапқы білім беру капиталын төлеуді көздейтін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар бұл жүйе барлық салымшыларға мемлекеттік сыйақы мен екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларының сыйақысын төлеуді қарастырады. «Келешек» жүйесі бойынша жиналған қаражатты «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражатымен біріктіруге болады.

2024 жылы алғаш рет оқуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін жабатын сараланған гранттар тағайындалды, қалған соманы иегерлер өз қаражаттары есебінен немесе жеңілдетілген оқу несиесі арқылы төлей алады. 2025 жылы сараланған гранттар саны 300 грантты құрайды. Сараланған гранттар бойынша конкурс осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді. Бұл шара әскери қызметін өтеп болған соң әскери қызметшілердің әлеуметтік бейімделуін қолдауға және жоғары білім алуға тең мүмкіндік беру мақсатында қолға алынды.

Грант нәтижелерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық көздерінен https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim, https://t.me/SayasatNurbek, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан www.testcenter.kz білуге болады.

Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026

Жұманғарин тағы да жазба жариялады

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.