Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде
Жаңалықтар

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025348 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматыдағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы базасында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.   Орталық қызметінің тұсаукесері және Өзбекстан мен Тәжікстанның оның бағдарламалары және бастамаларына қосылу мүмкіндігі талқылаудың негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Бообек Ажикеев, Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы генерал-полковник Раджабали Рахмонали және Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары полковник Санжар Зупаров қатысты.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Қазақстан ТЖМ орталықтың әлеуетін дамытуға қолдау көрсетіп, тәжірибе және технологиялармен бөлісуде, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанды Орталық Азиядағы зілзалалар қаупін азайту жөніндегі бірыңғай жүйеге интеграциялау бағытындағы күш-жігерді қолдайды», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Диалог барысында тараптар ақпарат алмасу тетіктерін, бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді, төтенше жағдайларға ден қоюды үйлестіруді, сондай-ақ климаттық және экологиялық қауіп-қатерлердің күшеюі жағдайында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Климаттың өзгеру салдарына бейімделу және зілзалалар қаупін азайтуға бағытталған бірлескен стратегияларды әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар күш-жігерді одан әрі біріктіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай өңірлік тәсілді әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.202616 Views

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026104 Views

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026177 Views
Соңғы жаңалықтар

ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІ БАСТАЛДЫ

02.04.2026

ДЕПАРТАМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

31.03.2026

Биыл Қазынашылық цифрлық теңгені қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр

31.03.2026

Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

31.03.2026

Су тасқынына дайындық аясында барлық көпір мен су құбырлары тазартылды

31.03.2026

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба мерзімі ұзартылды

31.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.