Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АРАЛ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Аймақ жаңалықтары

АРАЛ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

26.07.20251 407 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сыр бойындағы тіршілікке тірек болған Арал өңірі соңғы жылдары жаңа серпінмен дамып келеді. Мұнда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, денсаулық сақтау мен білім беру нысандарын жетілдіру, ауыл шаруашылығын ілгерілету бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауданда жаңа нысандар бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылуда. Осы және өзге де маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысу мақсатында ауданға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылды.

Сексеуіл кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, нысан қыркүйек айында пайдалануға беріліп, оқушылар жаңа оқу жылын заманауи әрі жайлы ортада бастайды.
Арал қаласындағы 1910 жылы салынған №14 мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептің іргетасы берік сақталғанымен, инженерлік жүйелері толық жаңартылып, шатыр, терезе, еден ауыстырылып, сыртқы әрлеу және аула абаттандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар білім беру сапасына тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Денсаулық сақтау саласында да елеулі ілгерілеу байқалады. Арал аудандық көпбейінді орталық аурухана жанынан жапсаржай құрылысы жүріп жатыр. 40 төсектік нысанда кардиология мен инсульт бөлімшелері болады. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған жапсаржай іске қосылған соң, аудан халқына кешенді әрі жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұған қоса, 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы да жүргізілуде.
БАҚ өкілдері «Қамқорлық» оңалту орталығының құрылыс барысымен де танысты. Қазіргі уақытта ішкі жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұзды, сенсорлық, механотерапия және бальнеотерапия бөлмелерімен қамтылатын орталық заманауи оңалту қызметін көрсетуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы бағытында Ақирек ауылдық округіне қарасты Ақбай елді мекеніндегі егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Ауыл еңбеккерлері қарбыз, қауын, қызанақ және басқа да көкөніс-бақша өнімдерін жинауға кірісті. Биылғы жылы қолайлы ауа райының және дихандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мол өнім алынуда. Жиналған өнімдер облыс аумағына таратылып, жергілікті нарыққа жеткізілуде.
Сондай-ақ, Аманөткел ауылдық округінде орналасқан «Арал Рыбторг» ЖШС-нің тоған шаруашылығы назарға ұсынылды. 15 гектар аумақты алып жатқан шаруашылықта тұқы, сазан, ақамур және дөңмаңдай сияқты балық түрлері өсірілуде. 2024 жылы 7,7 млн дана шабақ тоғандарға жіберілген. Жылдық қуаттылығы 300 тонна болатын өндіріс орны болашақта өңірдегі балық өнімінің көлемін еселемек.
Арал ауданындағы бұл жобалар — өңірдің әлеуетін арттыруға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты істердің көрінісі. Білім мен денсаулық, кәсіп пен ауыл шаруашылығы қатар дамыған аймақта халықтың болашағына деген сенімі де артып келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.20251 717 Views

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.20253 373 Views

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.20252 074 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.2025

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.2025

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.2025

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

30.07.2025

2025 жылдың алғашқы 6 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға өсті

30.07.2025

Ағымдағы жылы алты ай ішінде 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30.07.2025

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты

30.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.