Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАЛЫДА ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫДА ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАТЫН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

26.07.20252 007 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазалы ауданы бүгінде Сыр өңірінде әлеуметтік-экономикалық серпін алған аудандардың қатарында. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл-аймақтарды дамыту, білім мен мәдениет саласындағы инфрақұрылымды күшейту — аудан басшылығының басты назарындағы мәселе. Осы мақсатта аудан көлемінде көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстарды көзбен көру, елге кеңінен ақпарат тарату мақсатында Қазалы ауданына арнайы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

Баспасөз туры аясында журналистер ауданның бірқатар маңызды нысандарымен танысты. Алдымен Қарлан учаскесіндегі темірбетонды көпірдің құрылыс жұмыстары көрсетілді. Бұл көпір — ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Құрылыс толық аяқталғанда жолаушылар мен жүк тасымалының қозғалысы айтарлықтай жеңілдейді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен ауылдар арасындағы байланыс үшін үлкен қолайлылық әкеледі.
Келесі бағыт — Әйтеке би кентіндегі автокөлік жөндеу орталығы. Мұнда тұрғындар автокөліктеріне кәсіби әрі сапалы жөндеу жұмыстарын жасата алады. Орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл — аудан тұрғындарының тұрмысына тікелей ықпал ететін сервистік қызметтің жаңа деңгейі.
Бұдан кейінгі аялдама — Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына газ тарту жұмыстары. Қазіргі таңда аталған елді мекендерде магистральды газ құбырларының құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін аяқталса, ауданның газдандыру көрсеткіші 73 пайызға жетеді. Бұл — ауыл халқының өмір сапасын арттыратын маңызды бастама.
«Әлсейт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары да тілшілер назарына ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталғанда жол қозғалысы қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Ауылдардың бір-бірімен байланысы нығайып, тасымал ісі жандана түседі.
Майдакөл ауылындағы 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы да маңызды мәдени нысандардың бірі. Құрылысы аяқталуға таяу клуб ауыл халқының руханият ордасына айналмақ. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, жиындар, концерттер ұйымдастырылатын болады.
Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектеп» жобасы да өзекті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан бұл мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Кең әрі заманауи жабдықталған білім ошағының ашылуы — ауыл үшін үлкен жаңалық.
Бұдан бөлек, Қазалы аудандық ауруханасы жанынан салынып жатқан 42 төсектік инсульт және кардиология орталығының құрылысы назарға ұсынылды. Құрылыс аяқталған соң бұл орталық аймақта алғаш рет ашылатын инсульттік көмек орталығы болады. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, аудан халқына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетілмек.
Қазалы қаласындағы «Руханият» орталығы мен сквері, №234 мектептегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, Қазалы теміржол вокзалы мен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс барысы да журналистердің басты назарында болды. Әсіресе 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалының күрделі жөндеуден өтуі — аймақтың бет-бейнесін жаңғыртатын маңызды қадам. Вокзалдың заманауи қалыпқа келтірілуі — ауданның стратегиялық әлеуетін арттырады.
Сондай-ақ Әйтеке би кентіндегі жаңғыртылған орталық алаң, Қазалы мәдени-демалыс кешені, спорт кешенінің құрылысы көрсетілді. Бүгінде Қазалыда спортқа, мәдениетке, демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінуде. Мұның бәрі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауда.
Жалпы, баспасөз туры аясында Қазалы ауданында халық игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымы мен нәтижелері кеңінен таныстырылды. Бұл жұмыстар өңірдің өркендеуіне, елдің тұрмысын жақсартуға бағытталған жүйелі бастамалардың нақты көрінісі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.20251 717 Views

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.20253 370 Views

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.20252 072 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҢА СТАДИОН ЖАҚЫН АРАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

31.07.2025

ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

31.07.2025

ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ — БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

31.07.2025

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

30.07.2025

2025 жылдың алғашқы 6 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%-ға өсті

30.07.2025

Ағымдағы жылы алты ай ішінде 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

30.07.2025

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артты

30.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.