Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Отырарда жеке инвестордың қолдауымен кітапханасы бар визит-орталық салынады
Жаңалықтар

Отырарда жеке инвестордың қолдауымен кітапханасы бар визит-орталық салынады

25.07.2025253 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС құрылтайшыларының бірі Нұржан Ниязалиев және компанияның бас директоры Сәуле Жаңабаевамен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды. Аталған компания туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше визит-орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлік ішкі туризмді дамыту бағытында отандық кәсіпкерлерді кеңінен тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Түркістан облысындағы көне Отырар қаласында визит-орталық салу жобасы қолға алынбақ.

Инвесторлардың айтуынша, жоба тұжырымдамасы әзірленген кезде Отырардың тарихи мұрасына, әсіресе орта ғасырларда әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі саналған әйгілі Отырар кітапханасына ерекше назар аударылған. Жаңа визит-орталық тек туристік нысан ғана емес, аңызға айналған кітапхананы қайта жаңғырту идеясының символына айналмақ.

Жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, Жамбыл облысындағы Көксу шатқалында визит-орталықтар салуды, сондай-ақ Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі мен Маңғыстау облысындағы Бозжырада орналасатын визит-орталықтардың құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

Ербол Мырзабасынов жеке инвестицияны саланың тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде атап өтті. Министрдің айтуынша, визит-орталықтар туристерге қолайлы жағдай жасап, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саяхатшылардың еліміздегі сапардан алған әсерін арттырады. Бұдан бөлек, бұл жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

«Аталған жобалар аясында 1800 жұмыс орнын ашып, олардың санын 3000-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда қоғам үшін пайдалы іспен айналысу қажеттігін көрсетіп, өзге инвесторларды ынталандырғымыз келеді. Біз тек инфрақұрылым салып қана қоймай, мәдени бірегейлікті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға да күш саламыз», – деді Нұржан Ниязалиев.

Кездесу барысында тараптар туристік нысандарды салу кезінде экологияны сақтау мен орнықты туризм қағидаттарын ұстануға ерекше мән берілетінін атап өтті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.