Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды
Аймақ жаңалықтары

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды

16.06.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен. Бұл әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын және заң нормаларын бұзу ретінде танылды.

Қазір Қызылорда облысы бойынша комитет департаменті мен филиал арасындағы сот процестері аяқталып, филиалдың кінәсі дәлелденді. Әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленіп, мемлекет бюджетін толықтырды.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.