Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қарағанды облысында Қытай зауыты салынады
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында Қытай зауыты салынады

16.06.2025207 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қытайдың Shandong Energy Group Co корпорациясы Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салмақ.

Бұл шешім Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Shandong Energy Group Co басқарма төрағасы Ли Вэй арасындағы кездесуде жарияланды.

Тараптар жылына 2 миллиард текше метр газ өндіретін көмірхимиялық зауыт салу жобасын талқылады. Қытай тарапы бұл бастамаға жоғары қызығушылық танытып, Қазақстанның өнеркәсібін дамытуға үлес қосуға дайын екенін білдірді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт іске қосылған жағдайда елдегі көмірхимия саласының дамуына жаңа серпін беріледі. Сонымен қатар:

  • Қосымша газ көлемі өндірілмек;
  • 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады;
  • Экономика әртараптандырылады;
  • Жаңа технологиялар енгізіледі;
  • Қазақстанның экспорттық әлеуеті артады.

Shandong Energy — Қытайдағы ең ірі энергетикалық корпорациялардың бірі. Көмір негізінде карбамид, метанол және өзге де химиялық өнімдерді шығару бойынша ҚХР-да көш бастап тұр. Компанияның құрамында 608 еншілес кәсіпорын және Қытайдан тыс 17 елде өкілдіктері бар.

Shandong Energy Kazakhstan аумағындағы бұл жобамен ғана шектеліп отырған жоқ. Жалпы алғанда, Қытайдың Қазақстандағы түрлі салаларға салған инвестициясының көлемі 26 миллиард доллардан асты. Бұл көршілес елдің стратегиялық ынтымақтастыққа мүдделі екенін айғақтайды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында орналасқан “Үстірт-2” мұнай кен орнын барлау және игеру құқығы Қытайдың Kazakhstan Dinghua Energy компаниясына берілді.

Сала жаңалықтарын жариялайтын Upstream Online басылымының жазуынша, жекеменшік Kazakhstan Dinghua Energy компаниясы аукционда жеңіске жетіп, кен орнын 150 миллион теңгеге сатып алды. Бұл сома бастапқы бағаның екі есесіне жуық. Қытайлықтар мұнай іздеп, мүмкін болса, өндіру жұмыстарын жүргізетін жер телімінің аумағы 5,4 мың шаршы шақырымнан асады. Аталған кен орны 2022 жылдан бері бірнеше рет саудаға шығарылғанымен, инвесторлар қызығушылық танытпаған. Себебі бұл аумақта мұнайдың нақты қоры анықталмаған, әрі логистикалық тұрғыдан ыңғайсыз орналасқан.

Жаңа келісімшарт бойынша, Kazakhstan Dinghua Energy компаниясы кен орнына кем дегенде 15 млн доллар инвестиция салуы тиіс. Оның ішінде:

  • Геологиялық барлау жұмыстарына — 6 млн доллар;
  • Үш барлау ұңғымасын бұрғылауға — 9 млн доллар.

Соңғы аукционда жалпы төрт кен орнын игеру құқығы саудаға түскен. Ең жоғары бағаға кеткені — Алматы және Жетісу облыстарындағы Жаркент кен орны. Оны Almaty Oil Ventures компаниясы 809 млн теңгеге сатып алып, 12 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026530 Views

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.20261 026 Views

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026336 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АУРУХАНАҒА ЖАПСАРЛАС САЛЫНҒАН ЖАҢА ҒИМАРАТТЫ КӨРДІ

31.01.2026

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА

30.01.2026

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30.01.2026

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституция мәселесін қарау ұсынылды

30.01.2026

Елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жаңартылады

30.01.2026

Әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігі күшейтілді

30.01.2026

Мемлекеттік сатып алулардың жеңімпаздарын анықтау үшін ЖИ элементтері енгізілді

30.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.