Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Алматылықтардың өтінішімен мердігерлерге бақылау күшейтілетін болды
Аймақ жаңалықтары

Алматылықтардың өтінішімен мердігерлерге бақылау күшейтілетін болды

15.06.2025348 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласның әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап, «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты.

Тұрғындар жарықтың жиі сөніп қалуына шағымданып, судың тұрақсыз берілу мәселесін көтерді.

«Қосалқы сстанцияны шеңберлі жүйеге қоспайынша, қуат көзі тұрақталмайды, бұл туралы маған енді ғана баяндалып отыр. Мұнда станция салынды, енді желіні қосу қажет. Халық тұратын аумақ арқылы өткізуге тұрғындар қарсы болған, бірақ қазір келісімге келген», — деп түсіндірді Дархан Сатыбалды.

Сумен жабдықтау бойынша жобадағы кемшіліктерге байланысты қала әкімі қазіргі мердігермен жұмысты аяқтап, мерзім бұзылған жағдайда басқа ұйымды тартуды тапсырды.

«Бұл жобаны жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау қажет», — деді қала басшысы.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілі «Тұздыбастау» шағын ауданында осы айдың соңына дейін шеңберлі жүйе толық аяқталатынын хабарлады.

Тұрғындар шағынаудандағы өзекті мәселелерге назар аударып, тұщымды ақпарат бергені үшін әкімге алғыс білдірді.

Әкімнің жұмыс сапарында Огарев көшесінде салынып жатқан балабақша мен Шығармашылықты дамыту орталығының жобалары қаралды. Санитарлық-қорғау аймағы шегерімдерін ескере отырып, нысандардың жобалық параметрлерін қалалық құрылыс талаптары мен қадағалаушы органдардың қорытындыларына сәйкес қайта қарау тапсырылды.

«Әлмерек» пен «Маяк» шағын аудандарында әкім су, кәріз желілерін тарту және электр желілерін жаңарту жобаларымен танысты. Сонымен қатар, отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен балабақшаның құрылыс учаскелері де тексерілді.

Ауданның көлік байланысын жақсартуға маңызды әсер беретін Кіші Алматы өзені арқылы өтетін көпір өткелінің аяқталуына ерекше назар аударылды.

Қала басшысы аудан әкімдігі өкілдеріне: «Өзендегі жағдай қандай? Көктемгі тасқын кезінде жағдай қалай болады?» — деген нақты сұрақтарды қойды.

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров өзен арнасы ирек болғанымен, тасқын суға қатысты еш қиындық жоқ екенін мәлімдеді.

Осы ретте қала әкімі жағалау аумағын абаттандырудың маңыздылығын атап өтті. Талқылау кезінде өзен арнасын бекіту жұмыстары туралы да айтылды. Бұл жөнінде әкім:

«Мен өз басым жасыл желек пен қоғамдық кеңістіктердің көбірек болғанын қолдаймын. Бұл халықтың мәдениетін өзгертеді деп сенемін», — деді Дархан Сатыбалды.

Ал Майлин көшесіндегі «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында әкім болашақ спорт кешенінің жобасымен танысты. Онда бассейн мен әмбебап спорт залы қарастырылған. Жоба бойынша бұл кешен тәулігіне 1300-ге дейін келушіні қабылдай алады.

Қонаев атындағы жоспарлы кварталда әкім «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 260 орындық балабақша мен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Инженерлік желілерге қосылу және абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

«Нысандар сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс. Жұмыс кестесін бұзатын мердігерлер жауапкершілікке тартылады», — деді қала басшысы.

Сондай-ақ Хмельницкий көшесін Талғар тас жолына дейін жалғастыру жобасы да қаралды. Бұл жоба қаланың шығыс бөлігіндегі көлік жүктемесін азайтып, қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Қаланың жаңа басшысы: «Бұл — қозғалыстың маңызды күретамыры. Жобаның жүзеге асырылуы созбалаңға салынбауы керек. Мерзім мен сапа – менің жеке бақылауымда», — деп қадап айтты.

Кездесу барысында Қонаев ПК аумағындағы бес үйдің тұрғындары әлі күнге дейін кәрізден шыққан жағымсыз иістің барын айтып, үйлерінде газдың жоқтығын да көтерді. Бұл мәселелер бойынша қала әкімі тиісті орындарға себебін анықтап, мәселені шешуді тапсырды.

Автобус бағыттарының жетіспеушілігі туралы сұраққа Алматы әкімі қоғамдық көлік жүйесі туралы толық мәлімет беріп, тұрғындар ұсынысы жаңа маршруттық сызбаны әзірлеу кезінде ескерілетінін айтты.

Жеке тұрғын үй секторының бір тұрғыны жолдардың тоғанын алға тартты. Дархан Сатыбалды бұл мәселе жауапсыз мердігерлердің әрекетімен байланысты екенін жеткізді.

«Мен өзім ауламен жүріп өттім, тұрғындардың неге тап болатынын көзіммен көрдім. Мұндай мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс», — деді әкім.

Кездесу соңында қала басшысы мердігер ұйымдарға бақылаудың күшейтілетінін және тұрғындар көтерген әрбір мәселе белгіленген мерзімде шешілуі тиіс екенін атап өтті.

Сапар қорытындысында Дархан Сатыбалды бірқатар нақты тапсырмалар беріп, кешігулерді болдырмау, мердігерлерге бақылауды күшейту және барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар, қалада жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әр жобаның жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асуынан басталатынын еске салды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.20251 830 Views

Қазақстандық делегация Трамп әкімшілігімен келіссөз жүргізді

15.06.2025943 Views

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

15.06.202593 Views
Соңғы жаңалықтар

Берік АСЫЛОВ: Құқықтық жауапкершілік – әділеттіліктің тірегі

15.06.2025

Алматылықтардың өтінішімен мердігерлерге бақылау күшейтілетін болды

15.06.2025

Қазақстандық делегация Трамп әкімшілігімен келіссөз жүргізді

15.06.2025

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

15.06.2025

Бүгін – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15.06.2025

Бүгін Әкелер күні атап өтіледі

15.06.2025

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ИГІЛІГІН КӨРІП ОТЫР

15.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.