Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Құлсарыдағы қасірет: жыламасын бала, жоқтамасын ана
Аймақ жаңалықтары

Құлсарыдағы қасірет: жыламасын бала, жоқтамасын ана

12.06.20251 373 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Арада бірнеше сағат өткен соң, 6 маусымға қараған түні, сағат 02:19 шамасында, баланың жансыз денесі Кұрсай тармағындағы қамыстың арасынан табылды. Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама 5 маусым күні сағат 21:28-де түскен. 2018 жылы туған бүлдіршін түскі уақытта үйінен шығып кеткен, содан бері қайта оралмаған. Жоғалған баланың бағыты белгісіз болғандықтан, барлық бейнебақылау камералары жіті тексерілген. Іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен еріктілер де жұмылдырылған.

«Қазір аталған оқиға бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің тиісті бабымен қыл­мыс­тық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амал­дары жүргізілуде. Сот-медициналық сарап­тама тағайындалған, ал баланың нақты өлім себебі әзірге анықталған жоқ. По­лиция өкілдері расталмаған ақпарат пен болжамдарды таратуға жол бермеуге шақырады.

Күдікке ілінген  1989 жылғы Ақниет Жұ­­мабаев есімді  Құлсары тұрғыны ұста­лып, уақытша ұстау изоляторына қамал­ды. Сот оның қамауға алынуын санк­ция­ла­ды», – деді Атырау облысы Полиция де­пар­таментінің баспасөз  хатшысы Мейі­рім Ердәулет.

Әлеуметтік желілер мен мессенд­жер­лерде бұл іске қатысы бар деген бол­жам­мен 35 жастағы ер адамның фотосы мен бей­нематериал тараған. Бейнежазбада ая­ғын сылтып басып бара жатқан ер адам­ның кішкентай қызды қамыс ара­сымен ертіп бара жатқаны көрінеді.

Қала тұрғындарының айтуынша, мар­құм қыз баланың ата-анасы жұмыста бол­ған. Анасы үйге келген кезде қызы­ның жоқ екенін көріп, дабыл қаққан.

Қайғылы оқиға орнаған аудан – Құл­сары қаласындағы 5-ауыл мен «Достық» ық­шамауданының арасы. Бұл жергілікті ха­лық арасында «вахталық поселке» деген атпен белгілі. Қоғам белсендісі Жа­наргүл Шаргабаева сол күні кешке бейнеүндеу жариялап, аталған аумақта көше шамдарының мүлде жоқ екенін ай­тып дабыл қақты. Оның айтуынша, бұл ау­мақ, соның ішінде көпір бойы да қара тү­некке батып тұрады.

– Полиция бір ғана шаммен іздестіру жүр­гізіп жүр. Бұл – өте қауіпті жағдай. Жер­гілікті билік шұғыл шара қабылдауы ке­рек, – деді қоғам белсендісі Жанаргүл Шар­габаева.

Сонымен қатар ол бұл ауданда әлі де бұ­зы­л­маған иесіз, ескі үйлер мен ғима­рат­тардың қауіпті екенін айтып, оларды де­реу тазарту қажет екенін жеткізді.

Баланы іздеуге  полиция ғана емес, жер­гілікті тұрғындар да белсенді түрде атса­лыс­қанымен, өкінішке қарай, үміт ақтал­мады. Бұл қайғылы оқиға тек бір отба­сы­н­ың ғана емес, бүтін бір қоғамның жа­най­қайы­на айналды.

Шыны керек, Атырау өңірінде кәме­лет­ке толмаған балаларға қарсы жасалған жы­ныстық сипаттағы қылмыстардың са­ны алаңдаушылық туғызып отыр. Соң­ғы бірнеше жылда тіркелген деректер бұл мәселенің күрделі екенін айқын көр­се­ту­де.

Атырау облысы Полиция депар­та­мен­тінен анықтағанымыздай, 2021 жылы об­лыс көлемінде 80-нен астам бала сек­суал­дық сипаттағы зорлық-зомбы­лық­тың құрбаны болған. Оның ішінде, тек Атырау қаласында – 33 іс, ал қалған бө­лігі аудан орталықтары мен ауылдық елді ме­кендерге тиесілі. Бұл деректер полиция жә­не сот органдары тіркеген нақты істер­ге негізделген.

Аталған қылмыстардың ішінде:

10 іс – зорлау,

10 – сексуалдық сипаттағы күш қол­дану,

21 – 16 жасқа толмағандармен жы­ныс­­тық қатынас,

8 – балаларды азғыру әрекеттері ре­тінде тіркелген.

2025 жылдың ақпан айындағы мәлі­мет­ке сәйкес, Атырау облысында бала­лар­ға қатысты сексуалдық қылмыс жа­сап, сотталған 12 адам арнайы тізімге ен­гі­зілген. Бұл тізімге енгендердің жетеуі – Аты­рау қаласының тұрғындары. Олар – елі­міз бойынша тіркелген 459 педофилдің бір бөлігі.

Қоғам арасында педофилдердің жа­за­сын өтеуінен кейін бақылаусыз жүруі мен қайта қылмыс жасау қаупі үлкен алаң­даушылық туғызуда. Балалардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай тұл­ғаларға қатысты бақылау күшейтіл­гені­мен, жүйелі сақтық шаралары мен ал­дын алу жұмыстары әлі де жеткіліксіз.

Қазақстан бойынша 2024 жылы пе­до­филге байланысты 874 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2023 жылғы (876 іс) көр­­­­сеткішпен салыстырғанда сәл төмен бол­ғанымен, ахуал тұрақты түрде ауыр күйін­де қалып отыр.

Жергілікті белсенділер мен ата-ана­лар қауымы бұл мәселе бойынша нақты әрі жүйелі шаралар қабылдауды талап ету­де. «Қауіптің алдын алу үшін мек­теп­тер мен балабақшаларда түсіндіру жұ­мыс­тары жүргізілуі, балаларға қатысты қыл­мыстар үшін қатаң жаза қолдану, тіп­ті өлім жазасы да артық емес, жарық­тан­дырылмаған аймақтарды бақылауға алу, психологиялық көмек көрсету же­лі­сін кеңейту керек. Қалай десек те, бұл – жеке бір отбасының ғана емес, тұтас ұрпақтың тағ­дырына тікелей әсер ететін мәселе. Әр­бір бала – елдің ертеңі. Сондықтан олар­ды қорғау – тек құқық қорғау орган­дарының ғана емес, барша қоғамның ортақ борышы», – дейді Атыраудағы Әже­лер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нә­си­қызы.

Жұмбақ өлім дегеннен шығады, был­тыр Атырауда осыған ұқсас сұмдық жағ­дай болған еді. 2024 жылдың 18 қазан кү­ні Атырауда 23 жастағы қыз кісі қо­лы­нан қаза тапты. Сұмдығы сол, қанішерлер қыз­ды қорлап өлтіріп, денесін Жайық өзеніне лақтырып жіберген. Арада 8 ай өтсе де Янаның денесі әлі табылмай жа­тыр. Марқұмның анасы Галина, тіпті Пре­зиденттен көмек сұрап, хат та жазды.

Яна – Батыс Қазақстанның тумасы. Мек­тепті үздік бітіріп, Атырауға жоғары оқу орнына грантқа түскен екен. Жалғыз қы­зының студенттік өмірге қадам бас­қа­нына әрі қуанып, әрі қобалжыған анасы осы­лайша, Атырауға Янамен бірге көшіп ке­леді. Яна  жоғары оқу орнын абыроймен біті­ріп, магистр дәрежесін алады. Кейін Атыраудағы Қазақ геологиялық барлау мұнай институтында жұмыс істейді. Жас та болса ғылымға үлкен қызығушылық та­н­ытқан Яна алға қарай оқуын жал­ғас­тыруды жоспарлап жүрген. Тіпті, көзі тірісінде бірнеше ғылыми жобаларды да қор­ғаған екен. Өкінішке қарай, арманы көп жас ғалым ауыр қылмыстың құрбаны бол­ды. Одан да ауыры, арада 8  ай өтсе де, марқұмның анасы қызын жерлей ал­май отыр…

Баян ЖАНҰЗАҚ,
Атырау облысы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025841 Views

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025329 Views

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025610 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

10.07.2025

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.2025

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.