Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады
Қоғам

Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады

12.06.2025672 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

Ата-ананың алаңдаушылығы негізсіз емес

Жалпы балалардың алғашқы әлеуметтік ортасы, тәрбие мен білімнің іргетасы қаланатын мекеме ол – балабақша. Мұнда ол мінез-құлық нормаларын меңгереді, алғаш рет ұжыммен қарым-қатынас орнатады және дамудың маңызды кезеңінен өтеді. Алайда бұл мекеме баланың психологиялық және физикалық тұрғыдан қауіпсіз ортада болуын толық қамтамасыз ете ала ма?

Мәселен, Ұлытау облысында орын алған жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. «Б» балабақшасында жұмыс істеген Ш. есімді тәрбиеші 2022 жылы туған бүлдіршінді оның акварель бояуын аузына салғаны үшін ернінен ұрып, желкесінен итеріп құлатқан. Сот барысында тәрбиеші өз кінәсін мойындамағанымен, бейнебақылау жазбалары оны толық дәлелдеді. Сот шешімімен тәрбиешіге үш жыл бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салынып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа 200 000 теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға Алматы қаласында тіркелді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тәрбиеші баланы тұншықтырып, күштеп орындыққа отырғызып жатқаны анық көрінеді. Баланың көмек сұраған дауысы жазбада естілгенімен, бөлмеде отырған басқа тәрбиеші еш әрекет жасамаған. Оқиға ата-ананың бейнебақылау жазбасын тексеруінен кейін белгілі болған.

Ата-аналар көп жағдайда бұл фактілердің бейнебақылау жүйесі арқылы әшкереленгенін айтады. Бірақ бейнекамера орнатылған жерде осындай жағдайлар орын алса, көзден таса ортада не болып жатқанын болжау қиын.

 Бала құқығын қорғаудағы жаңа механизмдер

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылы балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізгенін мәлімдеді. Бұл өзгерістер балаларға қатысты зорлық-зомбылық, психологиялық қысым және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Енді ата-аналардан немесе азаматтардан балалардың қауіпсіздігіне қатысты шағым түскен жағдайда, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектепке дейінгі ұйымдарға жоспардан тыс тексеру жүргізе алады. Сонымен қатар, «111» байланыс орталығының қызметі заңмен бекітіліп, мектептер мен колледждерде бұл орталыққа жедел хабарласуға арналған QR-кодтар орнатылды.

Сонымен қатар тәрбиешілерді жұмысқа қабылдау талаптары да күшейтілген. Енді педагогтерді қабылдау кезінде біліктілік талаптары, соттылығының жоқтығы, кәсіби беделі мен психологиялық жарамдылығы міндетті түрде тексеріледі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйесінің рөлі ерекше. Бүгінде балабақшаларда және олардың іргелес аумағында рұқсатсыз кіретін тұлғаларды анықтау, оқыс оқиғалардың алдын алу және тәрбие үдерісін бақылау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылады.

Министрліктің мәліметінше, мектепке дейінгі мекемелерде бейнематериалдар кемінде 30 тәулік бойы арнайы дискілерде сақталады. Ата-аналар бейнежазбаларды көру үшін балабақша әкімшілігіне ресми өтінішпен жүгінуі керек. Осыдан кейін әкімшілік бейнематериалды сақтау және жеткізу қызметін көрсететін техникалық ұйымға сұраныс жолдайды.

Алайда кейбір ата-аналар бейнебақылау жазбаларын алуда кедергілерге тап болатынын айтып, бұл жүйенің ашықтығына күмән келтіреді. Демек, техникалық бақылау бар жерде де адами фактор шешуші рөл атқарады.

Қазіргі таңда елімізде балалардың мүддесін қорғау бағытында жұмыс істейтін 20 өңірлік уәкіл бар. Мемлекет «Қазақстан балалары» кешенді бағдарламасы аясында әр 5 мың балаға бір қорғаушы маман тағайындау жүйесін енгізуді көздеп отыр.

 Тәрбиешінің біліктілігі мен психологиялық дайындығы бағаланады

Кез-келген елде балабақшадағы тәрбиенің сапасы – ең алдымен, тәрбиешінің кәсіби және адамгершілік деңгейіне байланысты. Осыған орай Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру кадрларын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан бойынша 11,8 мың мектепке дейінгі білім беру ұйымында 103,8 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Осы саладағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыру үшін 2023 жылдан бастап әрбір педагог кемінде үш жылда бір рет біліктілік арттыру курсынан өтуі міндеттелген. Бұл талап «Педагог мәртебесі туралы» заңмен белгіленген.

Сонымен қатар, жыл сайын мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 33%-ы 120-дан астам бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатысады. Бұл курстарда тек әдістемелік білім емес, психологиялық дайындық пен қарым-қатынас мәдениеті де оқытылады. Жауапты мекеме осылайша, тәрбиешілердің кәсіби және психологиялық дайындығын арттыру арқылы балалармен жұмыс істеудің сапасы мен қауіпсіздігіне жүйелі түрде бақылау орнатылатынын алға тартты.

Мемлекет тарапынан заңнамалық өзгерістер қабылданып, бейнебақылау жүйелері орнатылып, тәрбиешілерге қойылатын талаптар күшейтілгенімен, бұл шаралар тәжірибеде әрдайым тиімді нәтиже беріп отырған жоқ. Бұл ретте баламен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби дайындығы ғана емес, психологиялық тұрақтылығы мен адамгершілік қасиеті де аса маңызды.

Бала – болашақ қана емес, ол бүгінгі өмірдің ең нәзік, ең қорғансыз тіршілік иесі. Ал оның күнделікті уақыты өтетін орта – ең қауіпсіз, ең сенімді кеңістік болуы керек емес пе?

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады

09.07.20251 493 Views

Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

04.07.2025427 Views

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДА ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН АСПАЛЫ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.07.2025

Елімізде қабылданған стандарттардың 68%-дан астамы іс жүзінде қолданылып жатыр

10.07.2025

Қазақстанда қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізіледі

10.07.2025

Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады

10.07.2025

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.2025

Backstreet Boys бастапқы құрамының барлық бес қатысушысы Астанада өтетін концертте өнер көрсетеді

10.07.2025

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.