Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды
Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды

14.05.2025206 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Инвестициялық жобаны «Рамадан МФ» ЖШС «Черниговское и К» ауылшаруашылық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырды. Толық қуаттылыққа шыққан кезде жылына шамамен 9 мың тонна сүт тапсырылатын болады. Бұл көлемге келер жылы қол жеткізу жоспарланып отыр.

Өнім Қарағанды облысы мен Астана қаласының сүт өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі.

Жаңа кәсіпорында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Бүгін біз заманауи сүт-тауар фермасын ашудамыз – ол тек жаңа өндірістік буынға ғана емес, ауылдағы экономикалық белсенділіктің нағыз орталығына айналатын маңызды нысан. Мұнда шамамен 60 жұмыс орны құрылады. Бірақ ең маңыздысы – жастардың туған жерінде қалу, жұмыс істеу, даму және лайықты табыс табу мүмкіндігі. Дәл осындай жобалар ауылдың жаңа экономикасын қалыптастырады деп сенемін. Жұмыс бар жерде мектеп, балабақша, толыққанды өмір болады, – деді өңір басшысы.

Ол жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына алғыс айтты.

СТФ құрылысы 2023 жылдан бастап жүргізілді. «Рамадан МФ» ЖШС мал шаруашылығын дамыту жөніндегі директордың орынбасары Арман Нұржанов қазіргі уақытта голштин тұқымды сиырлардың бірінші партиясын сатып алғанын хабарлады.

Ол әлемдегі ең сүтті сиырлардың бірі ретінде танымал.

Ферма жануарларды асырау мен саууға арналған заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған, үй-жайларда климат-бақылау орнатылған. Сондай-ақ, жемшөп өндірісі де қарастырылған.

Штат қазірдің өзінде мамандармен жасақталған. Жұмысшыларды қабылдау кезінде жергілікті тұрғындарға басымдық берілген.

– Біздің ауданда осындай үлкен сүт-тауар фермасының ашылғаны қуантады. Бұрын барлық аудан тәулігіне 27 тонна сүт беретін болса, енді бір ферма сонша береді. Мұнда бәрі бір алаңда жүзеге асырылған. Азық базасы құрылды. Жаңа жұмыс орындары пайда болды. Бұл бизнесмендер өз мойнына алған әлеуметтік жауапкершілікті білдіреді, – деп атап өтті Қарағанды облысы мен Нұра ауданының құрметті азаматы Георгий Прокоп.

Жалпы, жоба облыстың аграрлық секторын дамытуға әсер етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.