Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Шекара маңындағы аудандар дамып келеді
Аймақ жаңалықтары

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025583 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Өскеменде Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру аясында «Шекаралық аумақтарды дамыту – өңір дамуының негізі» тақырыбында сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға облыстық басқармалар, қоғамдық ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты. Онлайн режимде Зайсан ауданы әкімдігі қосылды.

Жиынды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков жүргізді. Ол Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық аудандар мәртебесінің қалпына келтірілуі нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті: өңірлерде әлеуметтік және экономикалық өмір жанданып, инфрақұрылым жақсарып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңындағы аумақтардың стратегиялық маңызына тоқталып, олардың мәртебесін қалпына келтіру Абай мен ШҚО-да жүзеге асырылғанын еске салған.

Маңызды қадамдардың бірі – Тарбағатай, Үлкен Нарын және Марқакөл сынды бұрын таратылған шекаралық аудандардың мәртебесін қайта қалпына келтіру болды. Бұл аумақтардың дамуына, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етті. Басым бағыттардың бірі – қоныс аударушыларды қолдау және ауылдық жерлерге мамандар тарту жобалары: ерікті қоныс аудару бағдарламасы мен «Дипломмен – ауылға!» жобасы.

Кездесуде көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Солардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жобасы сәтті жүзеге асырылып, өңірдің көлік байланысын едәуір жақсартты. Сонымен қатар, Зайсан және Катонқарағай аудандарында екі жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр.

Қатысушылар өңірлік даму теңгерімсіздігін азайту қажеттігін де атап өтті. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық және әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жаңа Өңірлік даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Талқылауға әлеуметтанушы, ғылым кандидаты Элеонора Столярова, Ұлттық құрылтай мүшесі Ольга Кузовлева, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Зарина Камасова, сондай-ақ экономика, білім беру, жер қатынастары, кәсіпкерлік, туризм басқармаларының өкілдері, Зайсан ауданының әкімі мен ғалымдар қатысты. Іс-шарада шекаралық аймақтарды одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жиын қорытындыланды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.