Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды
Жаңалықтар

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сәуір айында теңге тағы да арзандады. Ай басында 504 теңге шамасында тұрған 1 доллар ай соңында 512 теңгеге жетіп, 1,6%-ға құнсызданды. Ұлттық банк мұны қалыпты құбылыс деп бағалайды.

Сәуірде Қазақстан қор бир­жа­сындағы (KASE) валюта сауда­сының көлемі артып, күн сайын орта есеппен 246 млн доллар сатылған. Бір ай ішінде жалпы сауда көлемі 5,4 млрд долларға жетті. Осы сауданың бір бөлігі – Ұлт­тық қордан сатылған валюта. Сәуір айында бас банк Ұлттық қор есебінен 968 млн доллар сатқан. Бұл ақша республикалық бюджетті қаржыландыруға қажет болған. Яғни күн сайын нарыққа орта есеппен 44 млн доллар шығарылған.

– Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ «айналау» тетігін іске асыру ке­зін­де Ұлттық банк нарықтық бей­тарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді. Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенция жүргізген жоқ. Өткен айдың қорытындысы бойынша, валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюта­лық тү­сімді сату көлемі шамамен 308 млн долларды құрады. Квазимемлекеттік сектор компания­лары валюта на­рығындағы сату үдерісін екінші деңгейлі банктер арқылы өз бетінше жалғастырып келеді, – делінген бас банк хабарламасында.

Бұл үрдіс мамырда да жалғаса­ды. Үкіметтің алдын ала болжамына сәйкес, осы айда Ұлттық қордан 950-1050 млн доллар аралығында валюта сатылмақ. Бұл да бюджетті қолдауға бағытталады.

Тағы бір айтарлық жайт – БЖЗҚ-ның валюталық активтері. Зей­нетақы қоры өз активтерінің 40%-ын валютада ұстауы керек. Осы мақсатта сәуірде Ұлттық банк БЖЗҚ үшін 250 млн доллар сатып алған. Бұл – жалпы сауданың шамамен 5%-ы. Мамырда да осы көлемнен аспайтын валюта сатып алынады. Бұл – зейнетақы жинақтарының құнын сақтап қалу үшін қажет шешім.

Ұлттық банк алдағы уақытта валюта нарығындағы жағдай салық төлеу кезеңіне, геосаяси өзгеріске және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты құбылып тұратынын ескертеді. Соған қарамастан, банк теңге бағамын жасанды ұстауға тырыспайтынын, керісінше тепе-теңдік пен резерв қауіпсіздігін сақтау қағидатынан айнымайтынын айтады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026258 Views

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026961 Views

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026518 Views
Соңғы жаңалықтар

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

04.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.