Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады
Аймақ жаңалықтары

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202593 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында 11 400 оқушыға есептелген білім ошақтарын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Биыл көктемде Ақтөбеде 2300 бала оқитын екі мектептің құрылысы аяқталды. Бұл – «Ақжар-2» тұрғын алабындағы 300 орынға арналған мектеп пен «Есет батыр» тұрғын алабындағы 2000 орындық білім ошағы. Екі тұрғын алабы да қарқынды дамып келеді. Жаңа мектептер оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешуге оң әсерін тигізді.

Осы жылдың соңына дейін тағы 12 мектептің құрылысы аяқталуға тиіс. Жаңа білім ошақтары облыс орталығындағы «Батыс-2» шағын ауданында, Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай-1 және Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын алаптарында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Мәртөк аудандарында салынуда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы баланың тұрғылықты жеріне қарамастан заманауи талаптарға сай сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мектептерде балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін кеңістік құруға барлық жағдай жасалған.

Жайлы мектептердің ауданы типтік мектептерден 15-20%-ға үлкен, техникалық жарақтандырылуы төрт есе жоғары. Мұнда робототехника кабинеттері, STEM зертханалары, хореография кабинеті мен коворкинг алаңдары бар. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда оқиды. Жайлы мектепте инклюзивті білім беруге көп көңіл бөлінеді. Эргономикалық кеңістік –жаңа жайлы мектептердің басты артықшылығы.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.