Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

09.05.2025347 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 7 мамыр — Отан қорғаушы күніне және 9 Мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс — ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік шара өтті. Онда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев майдангерлер мен сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.
“Президентіміз, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу», – деп атап өтті.
Еліміздің аумақтық тұтастығын сақтауда, ұлттық мүддесін қорғауда антына адал, сертіне берік айбынды әскеріміз өзіне жүктелген қастерлі міндетін мүлтіксіз орындауда.
Құқық қорғау органдары қоғамда заң мен тәртіпті, арнаулы қызметтер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Құтқарушылар халқымыздың амандығы үшін аянбай тер төгуде.
Еліміздің армиясы заманауи қарумен, озық техникамен қамтамасыз етілген.
Мемлекет тарапынан әскерилерді, құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлінген.
Жалпыұлттық бірлік пен саяси тұрақтылықтың нәтижесінде ел сырты жаудан, іші даудан аман болып, мемлекетіміз орнықты дамып келеді.
Тәуелсіздігіміз бен байтақ жерімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!“
-деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде тыл және сала ардагерлері, мамандары «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кету керек, мереке қарсаңында өңіріміздегі Ұлы Отан соғысының �2 ардагері, 1700 тыл еңбеккері Президент Жарлығымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, 5 мамыр күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде жерлесіміз Рахымов Арман Тастемірұлына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің генерал-майоры арнаулы атағын берді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025210 Views

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025524 Views

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025479 Views
Соңғы жаңалықтар

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

04.12.2025

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025

2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

03.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.