Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ
Жаңалықтар

2025 жылы еліміздегі жол құрылысына 780 млрд теңгеден астам жұмсалмақ

05.05.2025271 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Биыл еліміздің көлік инфрақұрылымының маңызды бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жол саласын жаңғырту мақсатында 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, оның ішінде 2100 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 460 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары 6300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Бұл жұмыстарды орындауға шамамен 10 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 27 асфальтбетон зауыты және 25 мың маман жұмылдырылады. Жобаларды іске асыру барысында 9,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы, 12 мон текше метр қиыршық тас және 500 мың тонна битум қолдану көзделген.

«Барлық жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 781 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 2025 жылғы жол-құрылыс маусымы аясында қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2100 шақырым автожол қамтылмақ. Оның ішінде 1100 шақырымда 10 өтпелі жобаның құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалардың аясында жолдарды абаттандыру, карьерлерді рекультивациялау, өндіріс базалары мен уақытша айналма жолдарды салу бойынша негізгі жұмыстар аяқталуда. 1 мың шақырымда 7 жаңа жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олар: Қарағанды – Жезқазған, Ақтөбе – Ұлғайсын, Атырау – Доссор, Қызылорда, Рудный, Сарыағаш және Петропавл қалаларының айналма жолдары», – деді спикер.

2025 жылдың басым жобалары ретінде Қалбатау – Майқапшағай және Қызылорда – Жезқазған автожолдарын қайта жаңарту учаскелері анықталған. Жылдың соңына дейін жоспарланған 2100 шақырым жолдың 1100 шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтау көзделген.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 460 шақырымды құрайтын 47 нысан қамтылмақ. Бұл жұмыстарға 8,5 млрд теңге қаржы көзделген. Жыл соңына дейін 174 шақырымды құрайтын 5 учаскені пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ 6300 шақырымды құрайтын 233 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаржыландыру көлемі – 203 млрд теңге. Құрылыс маусымының аяғына дейін кемінде 2 мың шақырым автожол пайдалануға берілмек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨҢІРДЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 21 ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.01.2026652 Views

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.01.2026243 Views

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛАҢАШ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

10.01.2026534 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨҢІРДЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 21 ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

11.01.2026

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.01.2026

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛАҢАШ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

10.01.2026

78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген

08.01.2026

Елімізде қанша колледж бар?

08.01.2026

Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды

08.01.2026

2025 жылы ҰАҒБО жоғары санатты 60 мың тоннадан астам тұқым өндірді

08.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.