Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»БИЫЛ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 82 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ
Аймақ жаңалықтары

БИЫЛ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 82 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

24.04.2025313 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде газ саласын дамыту және цифрландыру, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаралды.
Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте газдандыру жобаларына, мәдени мұраларды сақтауға қатысты тапсырмалар жүктелді.
«Газдандыру жобаларын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етіңіздер. «ҚазақГаз Аймақ» мекемесінің қолданыстағы инвестициялық бағдарламасының мерзімі аяқталады. Алдағы бесжылдыққа жаңа инвестициялық бағдарлама дайындалуы тиіс.
Ескерткіштер аумағына ақпараттық тақтайшалар, жол белгілерін орнатып, ауласына санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру керек. «Руханият орталықтарындағы» аудан тарихы музейлерінің экспозицияларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген тарихи жәдігерлермен толықтырыңыздар.
Президентіміз бен Үкімет тарапынан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға баса мән берілуде. Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласында 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өнеркәсіпті дамыту қоры сараптамасының екінші кезеңінен барлық жобаның өтуін қамтамасыз етіңіздер.
Мамыр айында елімізде маңызды қоғамдық-саяси шаралар өтеді.1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, бұдан бөлек, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Мерекелерді негізгі идеологиялық бағыттар аясында жоғары деңгейде атап өтуіміз қажет. Президент Әкімшілігі бекіткен тұжырымдамаға, көрсетілген ұстанымдарға сәйкес жұмыс жүргізілуі тиіс», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кету керек, аймақта елді мекендерді газдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі қалалар мен аудан орталықтары түгелдей, оған қоса 45 ауыл табиғи газға қосылған. Өткен жылы газдандыру жобаларына 30 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 11 елді мекеннің 40 мыңға жуық тұрғыны газ тұтынуға көшті. Жыл басынан бері тағы 5 елді мекен газдандырылып, өңір халқын газбен қамту деңгейі 80,8 пайызға жетті.
Биыл газдандыру жобаларына 6 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінген.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025417 Views

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025555 Views

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.20258 165 Views
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.2025

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

04.07.2025

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

04.07.2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

04.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.