Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАС ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23.04.20251 314 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Жаһандану заманында тілсіз тәрбиеші саналатын кітаптардың маңыздылығын арттыру — «AMANAT» партияcының да негізгі миссиясы. Партия 2023 жылы Президент бастамасын іске асыруға дәнекер болатын «Кітап-AMANAT» жобасын қолға алып, барлық өңірлерде отандық әдебиет пен баспагерлерді қолдауға бағытталған кітап орталықтарын ашты.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Бүгінде орталықтар азаматтардың партияға өз мәселесін шешу үшін ғана емес, рухани баю үшін де келіп, отандық авторлардың ең озық кітаптарымен танысуына, отандық әдебиетке, жалпы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етіп отыр. Бүгін «Кітап- AMANAT» орталығында Ұлттық кітап мерекесіне орай жас оқырмандармен кездесу өтіп, ұлттық мерекенің мән маңызы ерекше насихатталды. Жастармен болған кездесуде кітаптың адам қабілетіне, оның білім көкжиегін дамытудағы рөлі жөнінде ойларымызбен бөлісіп пікір алмастық.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деген болатын.
Жастардың ой-санасын жетілдіру және тіл байлығын арттыру, өмірлік көзқарасы мен мәдениеттілігін қалыптастыру үшін кітап – негізгі тәрбие құралы болып табылатындығын атап өттім.
«Хәкім Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, кітап оқудың адам өмірінде алар орнын ерекше айтып өтті. Мәдениетті адам болу үшін рухани байлық — кітапты дәстүрлі оқи отырып, бірнеше тілді игере алатындай болу керек. Қазіргі уақытта кітап оқуға барлық мүмкіндік жасалған. Сондықтан ерінбей кітап оқуды үрдіске айналдыру керексіздер. Бұл Расул Ғамзатов айтқандай «Өзіңді- өзің тану үшін де, өзгені тану үшін де» қажет дүние.
Кездесу барысында жастармен отандық авторлар, олардың шығармалары төңірегінде жасырылған викториналық ойындар ойнатылып, үздік жастарға кітаптар сыйға тартылды. Мәселен, өзгелерден оза шапқан жас оқырман Мадияр Зікірияұлына жұмысшы мамандықтар жылы аясында дәріптеуге тұрарлық Нұрмахан Елтайдың екі мәрте «Еңбек ері», КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың ғибратты ғұмыры мен ерен еңбегіне арналған «Дала академигі Ыбырай Жақаев» атты кітабын сыйға тарттым.
Кездесу соңында арнайы bookcrossing ұйымдастырылып, жастар өздерін қызықтырған кітаптарды саралады.
#AMANAT
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Cыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күні кең көлемде аталып өтуде

09.09.2025177 Views

Еңбек адамының мерейі үстем болу керек

08.09.2025160 Views

АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

06.09.20251 370 Views
Соңғы жаңалықтар

Cыр өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің күні кең көлемде аталып өтуде

09.09.2025

Еңбек адамының мерейі үстем болу керек

08.09.2025

АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

06.09.2025

349 мыңнан астам қазақстандыққа SMS хабарламалар жіберілді

05.09.2025

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025

Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар

05.09.2025

ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті

05.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.