Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ӨҢІРІНДЕ АЛҚАПҚА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ӨҢІРІНДЕ АЛҚАПҚА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

23.04.2025343 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу іс-шарасына қатысты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері келді.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен бірге қамба астыққа толып, шаруа еңбегі табысты болуына тілектестік білдірді.
Нет описания фото.
Әрі қарай шара қонақтары ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыш, гербицидтер және тұқым көрмесімен танысты.
Егіс алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Семинарда мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық басшылары саладағы өзекті мәселелерді баяндады.
Өткен жылы елімізде диқандарға көктемгі егін, күзгі жиын-терін жұмыстарына 5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 500 млрд. теңгеден асса, биыл бұл қаражат 700 млрд теңге болды. Диқан қауымға «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетілуде. Несиенің 85 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, тек 15 пайызын ғана шаруашылықтар кепілдендіреді.
Алдыңғы жылдары көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы» небәрі 2-3 млрд. теңге бөліп келсе, биыл қаржы көлемі тоғыз есе артып, 18 млрд. 500 млн. теңгеге жетті. Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандырудағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі негізінде жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Биыл облыста су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемін 9 200 гектарға жеткізу, өткен жылмен салыстырғанда 2 есе арттыру межеленген. Бұл бағытта да мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Жабдықтарды сатып алуға және құруға кеткен шығындардың 80 пайызына дейін мемлекет тарапынан субсидияланады. Соңғы жылдары 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік тегістеуден өткізілді. Биыл 60 мың гектарға дейін жеткізіледі.
Өңірде 193 700 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған, оның 85,9 мың гектарына күріш себілмек. Ал майлы және малазықтық дақылдарды өткен жылға қарағанда 3 400 гектарға арттыру көзделуде.
Айта кетейік, былтыр 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, 85,6 мың гектарға күріш егілген.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.