Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

11.04.2025202 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылордада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» атты дөңгелек үстел өтті.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын 2026 жылы Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз», — деді Н.Нәлібаев.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі байыпты бастамалардың, жасампаз жобалардың ордасына айналды. Өңір барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Осыдан үш жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өсім 206 пайызды құрады. Бұл ауқымды қаражат ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайыздан астамын аяқтады. Қыркүйек айында аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне беріледі. Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Катарда өткен үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.
Жиында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз сөйледі. Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова, көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Нуридин Амитов, “Анаға тағзым” орталығының директоры Алтынай Молжанова пікір білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.