Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

08.04.2025699 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлын таныстырды.
Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария аудандары әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті.
2022 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басшыға сәттілік тілеп, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы жұмыстарға тоқталды.
«Әріптесіміз мемлекеттік қызметте, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған. Жаңа қызметіне байланысты бірқатар міндет жүктеледі.
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және оған қарсы күрес жоспарын жүзеге асыру, орман және су қорын, жануарлар дүниесі мен балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту, тиімді пайдалану өте маңызды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшетін егу, тұқым себу жұмыстары да жүйелілікті талап етеді. Елді мекендердегі қоқыс полигондары мен сұрыптау кешендеріне қатысты жалпы жұмысты үйлестіріп, жаңадан жоспарланған полигондар құрылысының экологиялық талапқа сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Н. Нәлібаев.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.