Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

08.04.2025650 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу жобасы бойынша жиын өтті. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері және қордан балаларының еміне көмек алған ата-аналар қатысты.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Басқосуда Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Р и А Сервис ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Аймақ басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен жобалар қолға алынған.
Бүгін қордың қолдауымен Қызылорда қаласынан құны 2 млрд. 900 млн. теңге (қор – 2 млрд. 300 млн. теңге, ОБ – 600 млн. теңге) болатын денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу үшін үшжақты келісімге қол қою рәсіміне жиналдық.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Облыс бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда.
Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуіне орай жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар, облыстан шыққан меценаттар ортақ іске белсенді араласып, қайырымдылық шараларына, Сыр елін көркейтуге үлес қосуда.
Бүгінде демеушілердің 50 млрд. теңгеден астам қаржысына іргелі істер атқарылды. Қор ұжымына қажырлы да қомақты еңбегі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Болашақта да қарым-қатынасымыз өзара тиімді негізде құрылады деп үміттенеміз», – деді Н.Нәлібаев.
Жиында Ләззат Шыңғысбаева өңірдегі жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен еңбек ардагері, қоғам қайраткері Ибрагим Абибуллаев бастамаларға сәттілік тіледі. Ата-аналар атынан Досбол Сәттібаев қор ұжымына лебізін білдірді.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймағымызда 7 млрд. 150 млн теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. 800 млн. теңге қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында және Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» орталықтары ашылып, қажетті дәрі-дәрмек алынды.
Қордың қолдауымен Арал ауданында да «Қамқорлық» орталығы салынуда. Мамыр айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, облыстық онкология орталығын құны 1 млрд. 100 млн. теңге болатын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Бұл кешен еліміздің 3 өңірінде ғана бар. Қазіргі кезде аймақтың шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетеді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын да іске асыруда. Жоба аясында 2022-2024 жылдары 6 мектеп 1 млрд. 500 млн. теңгеге қайта жабдықталды. Биыл тағы 2 мектепке 500 млн теңге қаржы қаралған.
Қор демеушілігімен 172,5 млн. теңгеге жылдам тұрғызылатын ангар типтес спорт кешені Шиелі ауданы Ақтоған ауылында салынып, ел игілігіне табысталды. Жалағаш ауданы Аққыр ауылындағы спорт кешені жақын күндері пайдалануға беріледі. Ал Сырдария ауданына спорттық құрал-жабдықтар алынып, бөлмелер жабдықталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.