Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Алматыда Қазақстан-Ресей ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар орталығы ашылды
Аймақ жаңалықтары

Алматыда Қазақстан-Ресей ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологиялар орталығы ашылды

03.04.2025216 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Орталық Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен, Ресей ғылым академиясы және Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып құрылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Озық технологиялар орталығы екі елдің жетекші ғылыми мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ол тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдер әзірлеу және ауыл шаруашылығына жоғары технологиялық тәсілдерді енгізу үшін бірегей алаңға айналады.

Орталықтың басты мақсаты – Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірлескен зерттеулерін жүзеге асыру және инновациялық жобаларды дамыту. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының геномдық селекциясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу; АӨК-тегі цифрлық технологияларды дамыту және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған инновациялық шешімдерді енгізу; тұрақты агротехнологияларды енгізу, соның ішінде көміртек және көміртекті үнемдейтін егіншілік технологияларын дамыту арқылы экологиялық қауіпсіздік пен ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, жоғары қосылған құны бар жаңа өнім түрлерін жасау.

Орталық агротехнологиялар саласында жаңа стартаптар құрудың катализаторы болмақ. Бұл Қазақстан мен Ресейдің ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер екі елдің ауыл шаруашылығында инновациялық шешімдерді кеңінен енгізуге серпін беріп, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.