Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді
Аймақ жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

03.04.2025250 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады. Қанат Бозымбаев Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласындағы Сергеев су торабының жағдайын тексерді. Бұл Есіл өзенінің ағынын реттейтін және су ресурстарымен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Өткен жылдан бері мұнда нығайту, түбін тереңдету және жағалауларды шайылудан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Қазір су тасқынының екінші толқынының шарықтау кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Сонымен қатар вице-премьер Есіл өзенінің бойында орналасқан Николаевка, Покровка, Явленка, Большая Малышка және Соколовка ауылдарындағы жағдайды тексерді. Облыс бойынша су басу қаупі бар 116 елді мекен бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.

Бұдан бөлек, Қанат Бозымбаев Новоникольск ауылындағы көпірді, Қызылжар ауданына қарасты Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы жөнделген бөгеттерді, Петропавл су торабын және Заречный кентіндегі айналма каналдың жағдайын қарады. Ұзындығы 3,7 шақырымға созылған бұл канал биыл су деңгейін реттеу және артық суды шығару үшін салынды.

Петропавлда су тасқынының бірінші толқынының шарықтау кезеңі 4-5 сәуірге болжанып отыр. Қорғау бөгеттерін нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Қанат Бозымбаев Ущева көшесіндегі бөгеттің қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Бұл нысан Подгора шағын ауданын су тасқынынан қорғайды. Сондай-ақ ол «Биопруд» су жинау қоймасы маңындағы қорғаныс бөгетінің құрылысымен танысты. Жұмыстар желтоқсан айында аяқталмақ.

Вице-премьер қала аумағындағы саяжай алқаптарын және облыстық әкімдік жанындағы жедел әрекет ету орталығын да аралады.

Облыста су тасқынына қарсы 109 іс-шарадан тұратын инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылуда. Нәтижесінде 60 елді мекенде су басу қаупі төмендеді. 47 шақырым жаңа бөгет салынып, 41 шақырым қорғаныс біліктері нығайтылды. Автожолдарға 108 су өткізу құбыры орнатылып, 10 шақырым су бұру арықтары тереңдетілді, 4 шақырым кіші өзен арналары тазартылып, 200 шақырым нөсер кәріз желісі тазарды.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ТЖМ-ге тәулік бойы тәуекел аймағындағы елді мекендерде, әсіресе саяжай алқаптарында мониторинг жүргізуді, су қоймаларындағы су деңгейін реттеуді және халықты су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы уақтылы хабардар етуді тапсырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025206 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.