Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жаттықтырушылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру жоспарланған
Жаңалықтар

Жаттықтырушылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру жоспарланған

27.03.2025383 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздің спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Бүгінде ҚР Туризм және спорт министрлігі салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакетін әзірлеуде. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдегендей, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру сынды тетіктер бар.

«Бұл бағытта Министрлік тиісті жұмысты бастап кетті. Негізгі республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралған бұл мәселе. Оң шешімін тапқан болатын. Бұл жоспар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 2-толқын ішінде жаттықтырушылардың еңбекақысын одан әрі арттыру мақсатында Министрлік тиісті жұмыстарды жүргізіп, жаңартылған бірыңғай спорттық стандарттар бойынша бағдарламаларды іске асырғаны үшін орташа еңбекақысын шамамен 30%-ға арттырады деген сенімдеміз», – деді вице-министр.

Сондай-ақ бұл жұмысты цифрландыру көзделіп отыр. Мәселен, «Дене шынықтыру және спорттың (Е-спорт) цифрлық платформасын» іске асыру шеңберінде былтыр пилоттық режимде 3 негізгі модуль іске қосылды. Оның ішінде «Спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің паспорттарының бірыңғай базасы», «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың «электрондық күнтізбесі», «Спорт нысандарының бірыңғай тізілімі» жобалары бар.

Айта кетерлігі, дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесін жетілдірудің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың спортшыларын даярлауды жүзеге асыратын өңірлік дене шынықтыру-спорт ұйымдарын, жоғары жетістіктер спортын дамытуды уәкілетті органның құзыретіне беру қарастырылуда. Спорт саласының басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар мен күрделі заңнамалық өзгерістер еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Қазіргі таңда ведомство Балалар, жасөспірімдер жоғары спорт мектебі, спорт-интернат мектептері, Олимпиадаға даярлау орталықтарын өңірлік деңгейден республикалық деңгейге ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.