Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ЕЛІНДЕ «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗ – МЕРЕКЕМ!» АТТЫ МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ЕЛІНДЕ «НАУРЫЗ – БЕРЕКЕМ, НАУРЫЗ – МЕРЕКЕМ!» АТТЫ МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРА ӨТТІ

24.03.2025891 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті.
Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, көктемнің барлық бояуымен ерекше түрленді. Мереке өтетін орынға киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ағайынның бір-біріне айтқан ақ тілегі, шашуын шашқан ақ жаулықты аналар, ақ батасын жаудырған ақсақалдар мереке ажарын аша түсті.
Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
«Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні Сырдан Сарыарқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-байтақ даламыз ақ тілектермен көмкеріліп, ақ дастархан жайылып, үлкендеріміз жас ұрпаққа ақ батасын береді. Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей!
Наурыз мейрамы Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті!
Биыл – еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.
Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жаңа бастамаларды қолға алдық, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімізде айтарлықтай өсім қалыптасты. Өткен жылы облысымыздың бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Жергілікті кәсіпкерлер, меценаттар да туған жерді түлетуге, көркейтуге үлес қосып келеді.
Ұлыстың ұлы күнінде тілеген игі тілектеріңіз қабыл болсын, істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.
Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-ның астанасы болғанына 100 жыл толуына арналған «Жауһар жәдігер» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-байқауы да келушілерге ұсынылды.
Аймақ басшысы Айбарша, Айбике, Айбибі есімді үшемнің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің жаңа өмірге тәй-тәй басқан қадамына ізгі тілегін білдірді.
Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы және ұлттық спорттың басқа да түрлерінен жарыстар болды.
Мерекелік басқосу отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.
Возможно, это изображение ‎6 человек, толпа и ‎текст «‎ኢክ 26 FRHE لاشهاة‎»‎‎
Возможно, это изображение 2 человека и фрукт
Возможно, это изображение 8 человек, динамик и текст
Возможно, это изображение 3 человека и толпа
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.