Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ- САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ- САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

21.03.2025255 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында Ыбырай Жақаев ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты жиынға Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары келді.
Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Бұл бағытта облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуда.
Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында
«Үстел теннисі» орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион салынуда. Нысан алдағы мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері Қызылорда қаласында көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады.
Жыл басынан бері Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа кешендер қолданысқа берілді. Дәл осындай спорт кешені ертең екі ауданда ашылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ыбырай Жақаев ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына жиналдық. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», — деді Н.Нәлібаев.
Рәсімде Шиелі ауданының дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202672 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.