Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс артады
Жаңалықтар

Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс артады

20.03.2025346 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 6 жылда жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс 400 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын іске асыруда. Осы жұмыс аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өткізіледі, кәсіптік стандарттар жетілдіріледі, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл күшейтіледі. Бұл шаралар еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге және азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

«Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс саны 1,6 млн адам болады деп күтілуде, оның ішінде 900 мыңға жуығы кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге, 400 мыңнан астамы жұмысшы мамандық иелеріне тиесілі болады. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында аса сұранысқа ие», – деді Еңбекмині Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов.

Құрылыс саласындағы ең үлкен сұраныс мынадай мамандықтарға күтіледі: сылақшылар – 9 758 адам, құрылыс бригадаларының прорабтары – 9 477 адам, дәнекерлеушілер – 7 229 адам; ауыл шаруашылығы саласында: фермерлер – 10 695 адам, тракторшылар – 7 141 адам, ірі қара малды өсіру бойынша – 4 940 адам; өңдеу өнеркәсібінде: дәнекерлеушілер – 3342 адам, тігіншілер мен киімді қалпына келтірушілері – 2606 адам, өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлары – 2367 адам, сантехниктер мен құбыр өткізуші – 2051 адам; денсаулық сақтауда: орта медициналық персонал – 24 614 адам, жедел жәрдем жүргізушілері – 4 604 адам, фельдшерлер – 4 536 адам.

«Мансап компасы» платформасының базасында 100 мың жоғары сынып оқушыларын қамти отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта осы платформада кәсіби диагностика бойынша функционалды енгізу жұмыстары жүргізілуде, оның іске қосылуы осы жылдың сәуір айына жоспарланған.

«Жастар практикасы» жобасы аясында жас мамандарды даярлау үшін кемінде 35 мың тәлімгерді тарту, сондай-ақ тәлімгермен жұмыс орнында кәсіптік оқыту жоспарланған. 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жастар практикасына 3,2 мың адам жіберілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жастар практикасына қатысушыларға 2 645 тәлімгер бекітілді», – деді Азиз Ибрагимов.

Бүгінгі таңда Skills Enbek платформасында 9 827 оқушы мен ТжКБ студенттері онлайн-оқытумен қамтылды.

Осы жыл ішінде кемінде 500 мың оқушы мен ТжКБ студенттері «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқытумен қамтылады. ТжКБ-ның үздік мың түлегін елдің жетекші компанияларына жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Сонымен бірге жұмыс берушіде жұмыссыздарды 6 айдан аспайтын жұмыс орнында кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

2025 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде бос жұмыс орындар жәрмеңкелері жұмысшы мамандықтарына баса назар аудара отырып өткізіледі. Елордада мұндай жәрмеңке «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында өтіп, бір аптаға созылды.

Бүгінде бос жұмыс орындар жәрмеңкелеріне 1 мыңнан астам жұмыс беруші қатысып, жұмысшы мамандықтар бойынша 9,6 мың бос жұмыс орнын ұсынды.

«Биыл су шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі, тау-кен металлургия өнеркәсібі, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы, Көлік логистикасы, автомобиль жолдары және т. б. салаларда 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады. Біліктілікті тануды бағалау 4 тәуелсіз орталықтың базасында басталды, тағы 5 орталықты ашу жоспарлануда, оның ішінде 2 халықаралық стандарттар бойынша болады», – деді Азиз Ибрагимов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.20253 705 Views

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025208 Views
Соңғы жаңалықтар

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.2025

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025

Қазақстанның бес трансшекаралық хабы: қорытындылары мен жоспарлары

01.07.2025

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

01.07.2025

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

01.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.