Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
Аймақ жаңалықтары

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

17.03.2025465 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында 272 дана бейнебақылау камералары, 5 дана зияткерлік бейнебақылау камералары, 20 дана «Аркан», 1 дана «Мираж» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы және 5 дана «зияткерлік қиылыс» жұмыс атқаруда. Орнатылған камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттырып, қылмыстың орын алуын тыяды. Жыл басынан бері камера көмегімен 30 қылмыс анықталған. Полиция қызметіндегі жаңашылдықты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді.
— Автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 5241 жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Қызылорда қаласына 1400 дана бейнебақылау камераларын және 19 «Зияткерлік қиылыс», 58 «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғыларын орнату жоспарлануда. 24 наурыздан бастап Қызылорда қаласындағы Жедел басқару орталығының бейне қабырғасы мен жұмыс орындарына жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау саласына жасанды интеллектіні қолдану арқылы цифрлық жобаларды енгізуге көп көңіл бөлуде. Осыған орай «Target AI» ЖШС-мен осы жылдың наурыз айында облыс орталығында орналасқан бейнебақылау камераларына жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен бейнебақылау камераларының бейне ағынын өңдеуді және талдауды пилоттық режимде жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған бағдарлама бет-әлпеті арқылы немесе белгілеріне қарап іздеуде жүрген адамдарды картаға түсіру сервисі арқылы анықтау уақытына және табылған орнына қарай іздеу маршруттарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, криминалды көлік құралдарын номері, модель, маркасы және түсі арқылы табуға мүмкіндік береді,- деді Сәбит Ибадуллаұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

07.11.2026552 Views

Облыс әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

06.11.20261 508 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

06.11.2026415 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

07.11.2026

Облыс әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

06.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

06.11.2026

Мемлекет басшысы Ақаба процесі саммитіне қатысты

06.11.2026

Атырауда 9-сынып оқушысы 15 жылға сотталды

06.11.2026

Қазақстаннан бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым тағы алты айға ұзартылды

06.11.2026

Қазақстанда бір реттік пластик ыдыстарға тыйым салынуы мүмкін

06.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.