Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Басты жаңалықтар

Президент аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

07.03.20251 285 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ақордаға мерекелік құттықтауға шақырылған әйелдер қатарында әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар, – деп хабарлайды Ақорда.  

«Бүгін мен баршаңызды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамды шын мәнінде сұлулықтың көрінісі деуге болады. Себебі әйел жаны қашанда әдемілікке жақын. Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын» — деді Президент өз құттықтауында.

Мемлекет басшысы «Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған. Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Бүгінде Сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер. Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде. Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын!», — деп әйелдер қауымына алғыс білдірді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026357 Views

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026595 Views

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026894 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Үкімет көлік нарығын көлеңкелі бизнестен тазарта ала ма?

21.07.2026

АВТОКӨЛІК ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

20.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.