Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР САЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН САРАЛАЙТЫН МАМАН
Аймақ жаңалықтары

СЫР САЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН САРАЛАЙТЫН МАМАН

05.03.2025107 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Кәсіби дағдылар мен тәжірибені қажет ететін өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және басқа да көптеген салаларда сұранысқа ие жұмысшы мамандар – кез келген елдің экономикасының негізі. Жұмысшы кадрларсыз зауыттар мен фабрикалар дамымайды.
Осындай мамандардың көмегімен жұмысы алға басып жатқан «Абай Дәулет» ЖШС көп салалы кәсіпорын. Серіктестікте 180-нен астам өз саласының жоғары білікті мамандары жұмыс істейді. Солардың бірі — күріш ақтау зауытында зертхана жетекшісі Сәуле Шакенова. Оның айтуынша мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргеніне 40 жыл болған. 1985 жылы Алматы қаласынан оқу бітірген Сәуле Сағатқызы жолдамамен «Астық өнімдері» комбинатына жұмысқа орналасады. Содан бері сыр салысының тұтынушыларға сапалы әрі зиянсыз жетуі үшін тер төгіп келеді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келген зертхана жетекшісі күріш өндірісіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«Сыр елінің брендіне айналған күріш өсіру, өңдеу саласында жұмыс істеп келе жатқаныма биыл 40 жыл болды. «Диқан», «Абзал и К» зауыттарында да жұмыс істедім. Бүгінгі жұмысым «Абай Дәулет» серіктестігінде. Сырдария ауданындағы Бесарық ауылында орналасқан серіктестік мыңдаған гектар жерге күріш егеді. Олар шығаратын «Лидер» және «Янтарь» бүгінгі таңда ең танымал күріш сорттары. Өсіру кезінде жоғары сапалы тыңайтқыштар пайдаланылады. Бұл халықты экологиялық таза, сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шикізатты өңдеу заманауи күріш зауыттарында жүзеге асырылады. Зауыттардың бірегейлігі – күріш қауызын ұнтақтайтын қондырғылар орнатылған. Осылайша, мұнда қалдықсыз өндіріс жолға қойылды. Күріш қалдықтары малға құнарлы жемге айналады. Компания өндіретін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі ҚР СТ ИСО сапа менеджменті жүйесіне, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментіне сәйкестік сертификаттарымен расталады. Салмағы 5 кг, 10 кг, 25 кг заманауи қаптамадағы «SYR DANI» сауда маркасымен күріш ішкі нарықта сатылып, көрші мемлекеттерге де экспортталады. Менің жұмысым зертханада халық сұранысына сай тағамдардың қауіпсіздігін бақылап, еліміздің және халықаралық стандарттарға сәйкес өнім дайындау. Сыр салысын өңдеу саласына қызығушылық танытқан жастарға мүмкіндік көп. Біздің жұмысшылар тұрақты біліктілігін арттырып, маман ретінде тәжірибелерден өтіп тұрады. Жаңа технологияларды игеріп, саланың дамуына үлес қосуда, — деді Сәуле Шакенова.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.202664 Views

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026198 Views

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.2026

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

03.03.2026

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

03.03.2026

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

03.03.2026

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

03.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.