Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Түркиялық компания елімізде тыңайтқыш зауытын салуға ниетті
Жаңалықтар

Түркиялық компания елімізде тыңайтқыш зауытын салуға ниетті

04.03.2025491 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ESTA Construction компаниясының бас директоры Мұстафа Топракпен кездесу өткізді. Жиында Карбамид пен аммиак өндіретін зауыт құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Жоба Маңғыстау облысында «Құрық» теңіз порты маңында ірі газ-химия өндірісін құруды көздейді. Зауыттың орны Каспий теңізі арқылы өнімді экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін логистикалық артықшылықтарды ескере отырып таңдалды. Зауыт жылына 700 мың тоннаға дейін карбамид және 42 мың тонна аммиак өндіреді, бұл тыңайтқыштар импортына тәуелділікті азайтып, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын қосылған құны жоғары өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында 3 мыңға дейін маман тартылып, құрылыс нәтижесінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бүгінде елімізде тыңайтқыштардың үш түрін өндіру жолға қойылған: аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты. Сонымен қатар сұраныс 3,2 млн тонна ғылыми қажеттілік кезінде отандық қуаттар сұраныстың 56%-ын қамтамасыз етіп, жылына 1,8 млн тоннаға жуық тыңайтқыш өндіреді.

Олжас Бектенов өзімізде карбамид өндірісін құру импортқа тәуелділікті азайтуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

«Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Өткен жылы өнім жинау бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Үкімет егіншілерді қолдауға 700 млрд теңге бөлді. Маңызды мәселе – сапалы әрі қолжетімді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету. Сондықтан сіздің жобаңыз карбамидке ішкі сұранысты қамтамасыз ету, сондай-ақ оны импорттау тұрғысынан біздің қызығушылығымызды тудырып отыр», деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда тыңайтқыштар құнының 60%-на дейін жабатын субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді, 2024 жылдың наурызынан бастап аванстық субсидиялау тетігі енгізілді, соның арқасында қаражат өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін өндірушілерге алдын ала қаражат аударылады. Өткен жылы бұл мақсаттарға 46,4 млрд теңге бөлінді, 2025 жылға 35 млрд теңге қарастырылды», делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға барлық рәсімді жеделдетілген тәртіппен жүргізу және екі апта ішінде ESTA Construction компаниясымен ірі инвестициялық жобаны іске асыруды бастайтын Инвестициялық келісім жобасын қол қоюға енгізу тапсырылды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025268 Views

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

21.06.2025741 Views

Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор

21.06.2025470 Views
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

21.06.2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

21.06.2025

Президенттік жастар кадр резервінің әлеуеті зор

21.06.2025

ҚазҰУ‑да Tus‑Holdings Co. компаниясымен бірлескен бизнес‑инкубатор ашылды

21.06.2025

АЙМАҚТА ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 2 ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

21.06.2025

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

21.06.2025

Қызылорда қаласы – жаңару мен дамудың нақты үлгісіне айналуда

21.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.