Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОРМАН ҚОРЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОРМАН ҚОРЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.03.2025360 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
​Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мәжіліс өтіп, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және жауапты сала басшылары селекторлық режим арқылы қатысты.
Күн тәртібінде өңірлерде цифрландыруды дамыту, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру, орман қорына және елді мекендерге ағаш отырғызу мәселелері қаралды.
​ «Ақылды» қалалар эталонды стандартына сәйкес Қызылорда облысының жол картасы бекітіліп, 6 бағыт бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейнеаналитика элементтері бар бейнекамералардың жыл сайынғы ұлғаюы» жобасы бойынша Қызылорда қаласының аумағында 19 мың камера орнатылған. Оның 7 273-і полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. «Сергек» жобасы бойынша 100 бейнебақылау камерасы, 10 стационарлық жылдамдық өлшегіш бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қала аумағына 1400 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Камерада жасанды интеллект арқылы бет-әлпетті тану функциясы қарастырылған.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
​Өңірдегі медициналық ұйымдар компьютермен, «Даму-Мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен толық қамтылған. «Қалалық автотұрақ кеңістігін басқару» жобасы 100 пайыз жүзеге асырылған. Инновациялық ІТ жобаларды қолдау және дамыту мақсатында өңірлік технопарктердің ұйымдастыруымен былтыр 112 іс-шара өткізіліп, 4383 адам қатысты. 2020 жылдан бері Қызылорда қаласында «109 – Бірыңғай байланыс орталығының» жұмысы жолға қойылған.
​«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде. Мекеме ғимараттарының қасбетін, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдарын, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеудің, сырлау, безендірудің біркелкі дизайн коды бекітілді. Облыс орталығынан бастап барлық елді мекендегі мекеме ғимараттары, аулалар, ойын алаңдары, аялдамалар, жарық бағаналары бірыңғай архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді.
​Өңірде жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Соңғы екі жылда үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. Биыл да 19 техника жеңімпаздарға берілмек.
​Өткен жылы коммуналдық және абаттандыру мекемелеріне 106 арнайы техника сатып алынып, қазір ел игілігіне қызмет етуде. «Таза Қазақстан» онлайн платформасы бойынша салалар бөлінісіне қарай бекітілген операторлар, модераторлар мен орындаушылар тұрғындардан келіп түскен өтінімдер негізінде тиісті шара қабылдап, уақытылы жауап беруде.
​Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, 903 мың гектар жердің топырағы зерттелді, жобалау жұмыстары жүргізілді. Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 672 мың гектар алқапқа 2021-2024 жылдары екпелер егілді. Биыл 428 мың гектарды ормандандыру жұмыстары жүргізілмек.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.