Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Трейдинг табыс көзі ме, тәуекел ме?
Басты жаңалықтар

Трейдинг табыс көзі ме, тәуекел ме?

03.03.20251 269 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бізге белгілі инвестицияға ұқсас дегенімізбен, сауда стратегиясында айырмашылық бар. Бұл сала бүгінде қоғамның ерекше қызығушылығына ие сала болып отыр әрі жарнамасы жер жарады. Шын мәнінде, трейдинг табыс көзі ме, тәуекел ме?

Ең алдымен, қор нарығында сауда қалай жүретінін түсініп алайық. Қор нарығы немесе биржада түрлі актив саудаға салынады. Жеке тұлға биржада тікелей сауда жасай алмайды, брокер көмегіне жүгінеді. Трейдер үшін бағаның қай бағытқа құбылатыны маңызды емес. Себебі ол екі жағдайда да табысқа шыға алады. Бастысы, нарықты дұрыс болжай білу қажет. Бағаның өсуінен пайда табу – лонг позициясы, ал оның төмендеуі арқылы табысқа шығу – шорт позиция деп аталады. Шорт кезінде трейдер брокерден қарызға актив алады және оны биржада саудалайды. Кейін актив бағасы құлдырағанда арзан активті қайта сатып алып, брокерге қайтарады. Яғни, баға айырмасынан пайда табады. Мысалы, Tesla-ның 100 долларлық акциясын брокерден қарызға алып, биржада 100 долларға сатасыз. Кейін баға төмендегенде, сол акция 75 доллар болған кезде қайта сатып аласыз. Боркерге қарызын қайтарып, 25 доллар пайда көресіз. Бұл әдіс нарықты дұрыс болжай алсаңыз ғана мүмкін болады. Ал нарықты зерттеудің екі түрлі жолы бар. Алғашқысы – фундаменталды талдау, өзіңіз саудалайтын активті, оның нарықтағы жағдайы мен сұранысын зерттейсіз. Оған қатысты жаңалықтар мен компания жоспарына және жылдық табыс деңгейін ұдайы назарда ұстау керек, саяси жағдайлар мен санкцияларды да ескерген абзал. Ал екінші әдісі – техникалық талдау. Бұл тікелей биржада жүзеге асады. Активтің алдыңғы сауда деңгейі арқылы оның болашағын болжауға болады. Ол үшін трейдер түрлі көрсеткішке мән бере отырып, «қос шың», «үшбұрыш», «бас» деп аталатын арнайы кескіндер түзеді. Трейдер үшін техникалық талдау үлкен мәнге ие.

Трейдер бірнеше секундтан бірнеше айға созылатын сауда мәмілесін жасауы мүмкін. Бұл оның қолданатын стратегиясына тікелей байланысты және оның үш негізгі түрі бар. «Скалпер» стратегиясында бірнеше секундтық мәміле жасалады. Яғни, қысқа мерзімге көп актив сатып алып, бағаның азғана айырмасында пайда табады. Оның өзіне тән артықшылығы мен кемшілігі бар. Мұндай стратегиямен жүйелі қаржы табуға болады. Скалперлер үшін техникалық талдау жеткілікті. Ал кемшілігі – көп уақыт, әрдайым бақылау керек, нарық күтпеген жерден өзгеруі мүмкін. Брокер комиссиясын ескерген абзал. «Импульс» сауда стратегиясы негізінен жаңалықтарға сүйене отырып, мәміле жасайды. Яғни, олар биржадағы сауда басталмас бұрын активтерге талдау жасап, өз болжамымен жоспар құрады. Сауда барысында көзделген болжам орындала бастаса, мәміле жасайды. Бұл әдістің тәуекел тұсы жоғары. Болжам орындалса ғана трейдер табысқа кенеледі. «Свинг» сауда стратегиясы негізінен инвестицияға ұқсас. Мұнда трейдер ұзақ мерзімге мәміле жасайды және талдау жұмысының дұрыс жасалуы маңызды. Нарықты ұзақ уақыт бақылауды талап етпейді. Мұндай стратегия үшін арнайы білім болғаны абзал.

Кез келген салада бірден байлыққа қол жеткізу еріксіз күмән тудырады. Десек те, трейдинг расымен жақсы табысқа жеткізуі мүмкін. Сауданың бұл түрімен айналысу үшін арнайы білім алып, жеке дағдыны дамыту керек.

Төлеген АБДРАСИЛОВ

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.202664 Views

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026198 Views

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.2026

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

03.03.2026

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

03.03.2026

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

03.03.2026

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

03.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.