Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады
Аймақ жаңалықтары

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025717 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында жалпы құны 54 млрд теңгеден асатын 7 ірі жоба қаралды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы жаңа өндірістерді іске қосуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Отырыста ұсынылған жобалар Семей қаласы, Жарма, Жаңасемей, Бородулиха және Аягөз аудандарында жүзеге асырылмақ. Инвесторлар гастро-парк ашу, ағаш өңдеу өнеркәсіптік паркін салу, дәнді дақылдар мен күнбағысты тамшылатып суару арқылы өсіріп, қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа шығару, қойма логистикасын дамыту, қонақүй кешендерін салу сияқты жобаларын таныстырды. Аталған жобалар жүзеге асқанда мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы инвестициялық жобалардың өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Бұлардың барлығы – облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған ірі жобалар. Жаңа өндіріс құрылады, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондықтан облыстық, қалалық, аудандық деңгейде әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз», — деді облыс әкімі.
📎2025 жылдың басынан бері өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың саны 29-дан 97-ге дейін артты. Тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.