Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

26.02.20251 140 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін «27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» арналған мерекелік кеш өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сала ардагерлері, сарапшылар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Возможно, это изображение 5 человек
Мерекелік шараға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары құттықтап, «Тәуелсіздік алған жылдары облыстағы қоғамдық ұйымдар саны 15 болса, бүгінде олардың қатары 1000-ға жуықтады. Оның 300-ге жуығы аймақтың қоғамдық дамуына белсенді араласуда.
Облыстық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 200-ге жуық үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.
Аймақтағы азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділер, меценаттар ел өміріндегі кез-келген шаруаға, елімізде орын алған төтенше жағдайларды еңсеруге белсенді атсалысып, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Өңірдегі үкіметтік емес секторды дамытуда Азаматтық Альянс Қауымдастығының үлесі зор.
Біз әріптес ретінде өңірдегі азаматтық қоғамды дамытуда үкіметтік емес сектордың бастамаларына қолдау білдіріп, ортақ ұсыныстарды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамын», — деді Шахмардан Асқарұлы.
Салтанатты шарада аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып, азаматтық қоғам институтының дамуына атсалысып жүрген бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдері облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Шара соңында қатысушылар концерттік бағдарламаны тамашалады.
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026791 Views

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026337 Views

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026249 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026

Еліміздің жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда

11.08.2026

Е.Кочетов: елімізде жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік мол

11.08.2026

Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

11.08.2026

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

11.08.2026

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.