Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ағзаның қартаю процесін баяулататын 14 өнім
Жаңалықтар

Ағзаның қартаю процесін баяулататын 14 өнім

26.02.202581 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ағзаны қартаюдан және түрлі аурулардан қорғау үшін антиоксиданттар қажет. Оларға А, Е, С витаминдері, бета-каротин, ликопин, мырыш, полифенолдар және басқа да заттар жатады. Антиоксиданттар жасушаларды және олардың ДНҚ-сын еркін радикалдар тудыратын тотығу стресінен қорғайды, –— деп хабарлайды lifehacker.ru сайты. 

Сонымен қатар омега-3 май қышқылдары мен коллагеннің гликациясын баяулататын заттар терінің серпімділігін сақтауға көмектеседі. Бұл заттар ақуыз талшықтарының арасында байланыстардың түзілуін баяулатып, олардың икемділігін сақтайды. Егер бұл процесс жылдам жүрсе, тері өзінің серпімділігі мен тегістігін жоғалтады, ал қан тамырлары қатайып, ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете алмайды.

Ағзаны қартаю мен аурулардан қорғайтын мұндай пайдалы заттар кез келген дүкеннен сатып алуға болатын қолжетімді тағамдардың құрамында бар.

1. Қызанақ

Қызанақтың құрамындағы ликопин – күшті антиоксидант. Ол теріге жас әрі сау көрініс береді және ультракүлгін сәулелерден қорғайды.

Сондай-ақ ликопин қан ұйығын азайтып, холестерин деңгейін төмендетіп, қан тамырларын нығайтады, бұл өз кезегінде инфарктің алдын алуға көмектеседі.

Ликопиннің ерекшелігі – жылмен өңдегеннен кейін де бұзылмай, жақсы сіңірілетіні. Сондықтан үйдегі немесе сатып алынған томат тұздықтары мен шырындары пайдасын жоғалтпайды.

2. Какао және қара шоколад

Какао мен қара шоколад құрамында флавонолдар деп аталатын күшті антиоксиданттар бар. Қара шоколадтың антиоксиданттық белсенділігі көкжидек пен асаи жидегінен де жоғары.

Бұдан бөлек, шоколад қабынуды азайтады, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің қаупін төмендетеді.

Какао эндорфиндер бөлінуін ынталандырады, бұл көңіл күйді көтеріп, стресті жеңуге көмектеседі.

3. Бадам (миндаль)

Бадам құрамында да флавоноидтар бар, олар жасушаларды зақымданудан қорғайды, қартаюды тежейді және темекі шегуден пайда болған зиянды азайтады.

Пайдалы заттардың көбі бадам қабығында болғандықтан, оны қабығымен жеген жөн.

Бадамда магний мол, ол иммунитетті нығайтады, жүйке жүйесін жақсартады, жүрек жұмысына оң ықпал етеді және қандағы глюкоза деңгейін реттеуге көмектеседі.

4. Аскөк

Аскөк – антиоксиданттарға бай өнімдердің бірі, сондықтан ол қартаю процесін баяулатады.

Сонымен қатар бүйректе кальцийдің сақталуына көмектеседі, зәрдің рН деңгейін қалыпқа келтіреді және бүйрек тастарының пайда болу қаупін төмендетеді. Аскөктің эфир майлары ісінуді басып, бактериялар мен саңырауқұлақтардан қорғайды.

5. Лимон

Лимон құрамындағы С дәрумені – мықты антиоксидант, ол иммундық жүйені нығайтады.

Лимон темір жетіспеушілігінен болатын анемияны жеңуге көмектеседі. Оның құрамында темір аз болғанымен, С дәрумені мен лимон қышқылы басқа өнімдерден алынатын темірдің сіңуін жақсартады.

Ал лимон қабығы тері қатерлі ісігінің қаупін азайтады.

6. Көкжидек

Көкжидекте флавоноидтар көп, ал олар еркін радикалдардың әсерінен қорғайды. Сонымен қатар бұл жидек:

депрессия қаупін азайтады;

есте сақтау қабілетін жақсартады;

сүйектерді нығайтады.

7. Авокадо

Авокадо құрамында С дәрумені көп, ол тері жасушаларын тотығу стресінен қорғайды.

Авокадо құрамындағы моноқанықпаған май қышқылдары жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады, ал ондағы жасұнық (клетчатка) ас қорытуды жақсартады.

8. Майлы балық түрлері

Ақсерке (семга), лосось, сардина, майшабақ және скумбрия құрамындағы омега-3 май қышқылдары:

тері, шаш және тырнақтың жағдайын жақсартады;

әжімдердің ерте пайда болуының алдын алады.

9. Анар

Анар дәндерінде эллаг қышқылы бар. Ол жасушаларды еркін радикалдардан қорғайды, қартаюға қарсы әсер береді, сонымен қатар қабыну процестерімен күресіп, қатерлі ісіктің алдын алады.

10. Дәмдеуіштер

Қалампыр, орегано, даршын, зімбір және сарымсақ коллагеннің гликациясын тежейтін заттарға бай. Бұл дәмдеуіштерді тұрақты пайдалану тері мен қан тамырларының серпімділігін сақтауға көмектеседі.

11. Қызыл болгар бұрышы

Қызыл бұрышта антиоксиданттар – каротиноидтар мен ликопин мол.

Каротиноидтар, әсіресе бета-каротин, теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды, бұл оның зақымдануын және ерте қартаюын тежейді.

12. Жүзім

Жүзімнің қабығы мен дәндерінде ресвератрол бар. Бұл зат жасушаларды еркін радикалдардан қорғайды, коллагеннің гликациясына қарсы тұрады, яғни қартаюға жол бермейді.

Сондай-ақ жүзім қатерлі ісік, жүйке жүйесінің аурулары, қант диабеті және оның асқынуларымен күресуге көмектеседі.

13. Шпинат

Шпинаттың жас жапырақтарында флавоноидтар көп, олар жасушалардың қартаюын тежейді. Сонымен қатар  Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі.

14. Брокколи

Брокколи құрамында С, Е дәрумендері, каротиноидтар және басқа да антиоксиданттар бар, сондықтан да қартаюға қарсы тамаша өнім саналады.

Бұл көкөніс құрамындағы полифенолдар жасушалардың мутациясын болдырмайды, яғни қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетеді.

Осылайша, қарапайым әрі пайдалы өнімдерді тұтыну арқылы қартаюдың алдын алып, денсаулықты сақтауға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202582 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202593 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025566 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.