Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА 111 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА 111 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

21.02.2025123 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті.
Жерлестеріміздің ауызбіршілігі, ынтымақ-бірлігінің арқасында өңіріміз өркендеу жолына түсті.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Облыс бойынша 187 нысанның құрылысы салынуда. Бұл – өңірде қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы жолындағы жобалар жалғасын табады.
Жалағаш ауданында да ауқымды істер атқарылуда. Соңғы 3 жылда Жалағаш ауданына 50 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.
Бүгін міне, 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, жаңа қонысты иелеріне салтанатты түрде табыстаудамыз.
Елдік мүддеге қызмет етіп, жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы аяқтаған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Қоныстой құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Возможно, это изображение 6 человек, толпа и текст
Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салған құрылысшылар марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қоныстой иелерін құттықтап, еңбек ардагері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Қабылбек Нұрмағанбетов батасын берді.
Айта кетейік, өткен жылдың басында аудан бюджеті 10 млрд. 200 млн. теңгеге бекітіліп, жыл көлемінде 12 млрд. 200 млн. теңгеге ұлғайды. Аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. «Ақсу», Мөрәлі Шәменов елді мекендері газға қосылып, тұрғындар игілігін көруде.
Ауданда 5 жоба жүзеге асырылып, 19,3 шақырымнан астам көше, жол тораптары жөндеуден өтті. Соңғы 3 жылда 5 елді мекеннің 66,3 шақырым электр желілері жаңартылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.