Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ XХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ XХ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

19.02.2025371 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың XХ сессиясы өтіп, күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
​Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталып, биылғы облыстық бюджетті алғашқы нақтылауға ұсыныс енгізді.
​«28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентімізге Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндадым. Мемлекет басшысы атқарылған істерге оң бағасын беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды. Былтыр өздеріңізбен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде аймағымызда экономикалық өсім қамтамасыз етілді.
Осы жылды да оң нәтижелермен бастадық. Қаңтар айындағы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,1 пайызға, құрылыс жұмыстары 67,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 18,9 пайызға, тартылған инвестициялар 9,8 пайызға, жалпы сауда 2,3 пайызға, байланыс қызметі 0,2 пайызға артты.
Өздеріңізге белгілі, мұнай өндіру көлемі жыл сайын азаюда. Биылғы қаңтар айында 262,6 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеді.
Мұнай-газ саласындағы осы тенденцияны ескере келе, біз өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жан-жақты дамытуға басымдық бердік. Экономиканы әртараптандыруда өткен жылы өңірімізде құны 37 млрд. теңге болатын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Биылға 288 млрд. 600 млн. теңгенің 33 жаңа жобасы межеленген, мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 2024 жылы 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, көрсеткішті 95 пайыздан асырамыз. Халықтың 98,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз. Газбен қамту көрсеткіші қазір 78 пайыз, жыл аяғына дейін 82 пайыз болмақ.
2024 жылдың 9 желтоқсанында өздеріңізбен бірге 2025 жылға арналған облыстық бюджетті бекіттік. Бүгін алғашқы нақтылауға ұсынылуда.
2024 жылдың қорытындысымен қалыптасқан бос қалдықтар, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен оңтайландырылған қаражат жобаларды қаржыландыруға қайта бағытталуда. Ұсынылған жобалардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізделген. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Н.Нәлібаев.
Айта кету керек, соңғы жылдары облыс орталығын дамытуда, оның ішінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, мәдени орталықтар мен демалыс объектілерін салу қарқынды жүргізілуде. Бүгінде қаланың, аудандардың архитектуралық-сәулеттік келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтар демалып, серуендеуге қолайлы жағдай жасау, туристік әлеуетін көтеру үшін саябақтар қайта жаңғыртылады деп жоспарлануда.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.202664 Views

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026198 Views

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.2026

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

03.03.2026

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

03.03.2026

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

03.03.2026

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

03.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.