Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Банктер қарызын неге қайтармайды?
Басты жаңалықтар

Банктер қарызын неге қайтармайды?

11.02.2025349 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттен қаржылай көмек алған екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) ақшаны қайтару мәселесі қайта көтерілді. Мемлекет басшысы жуырда бұл мәселені тағы да еске салды. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, Үкі­мет, Ұлттық банк және ЕДБ арасын­да­ғы келісімде қарыз 1%-дық өсіммен 2040 жылға дейін берілген. «Банктер – Үкіметтің, соның ішінде халықтың жауы емес. Бірақ диалог негізіндегі әділ серіктестік орнауға тиіс. Кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді», деді Президент.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төра­ғасы Мәдина Әбілқасымова банк­тер Ұлттық қордан көмек ретінде алған қаржының 400 млрд теңгесін қайтарғанын ха­бар­­лады. Сарапшыларға сенсек, 700 млрд теңге көлеміндегі қарыз – мәселенің бергі жағы ғана. ҚНРДА былтыр 5 банктің («Центр КредитБанкі», «Еуразиялық банк», «Bank RBK», «Jusan Bank» және «Nurbank») балансында 1 487,4 млрд теңге (1 трлн 487 млрд 400 млн) мөлшерінде мем­ле­кеттік көмек бар екенін айтқан.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекет алғашқыда банк мәселесіне барынша жұмсақ саясат қолданды, нәтиже шықпады. Ұлттық қор қаража­ты­нан мемле­кет­тік қолдау алған банк­терге ди­виденд төлеуге шектеу қою мәселесі көтерілгенде «Halyk Bank» 250 млрд теңге мемлекеттік қолдауды мерзімінен бұрын толық қайтарды. Халықаралық тәжірибеде мойнында мемлекеттен алған қарызы бар қаржы институтының құрылтайшыларға дивиденд беруге құқы жоқ. Тізеге басып талап қойған соң барып қайтарды, әрине. Әйтпесе, сол «Halyk Bank» басшысының 2023 жылы өткен қар­жы­герлер форумында «Үкіметтің бөлген демеу қаржысы инфляцияға жұты­лып кетті, бұл мәселені қайта-қайта көте­ру­дің қисыны жоқ» дегенін қалай ұмы­тайық.

Қаржыгер, экономист Айдархан Құсайыновтың айтуын­ша, пру­­ден­циал­дық нормалар мен тұ­рақ­­­тылығын сақ­тау үшін банк­­­терде жеткілікті капитал болуы қажет.

«Капитал қоры аз болса, банк өз функ­цияларын орындай алмайды. Мұндай жағдайда мекеме қайта қаржы­­лан­дырылады немесе жабылады. 2009 жылы еліміздегі бірқатар банк тап осындай жағдайда тұр­ған­дықтан, мемлекет Ұлттық қор есебінен көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Банк­­тер­дің қаржылық капиталын 2010 жылмен салыс­тыруға келмейді. Бірақ алда не күтіп тұрғанын білмей­міз», дейді сарапшы.

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рын­да Ұлттық банк төраға­сы­ның кеңес­шісі бол­ған Ілияс Исаевтың айтуынша, бар мәсе­ле Ұлттық банкке байланысты болып тұр.

«1990 жылы Ұлттық банк Мәжіліске ба­ғы­нып, Үкіметке есеп беріп оты­ратын. Осы жылы Ұлттық банкке қатыс­ты жаңа заң қабыл­данды. Оның 68-бабында «Қа­зақстан Ұлттық банкін тек­серу Президенттің келісімімен немесе Президент тапсырмасымен ғана жүзеге асырылады» деп жазылды. Дамыған елдердің бас банктері ақша-несие сая­сатымен ғана емес, жұмыспен қамту, экономикалық өсімді қамтамасыз етумен де айналысады. Ал біздің Ұлттық банктің құзыреті тек инфляция, бағаны тұрақ­­тан­дырумен шектеліп отыр. Банктер туралы жаңа заң қабылданбай, Ұлттық банктің өкілеттілігін көтермей, ЕДБ-ның қарызды қайтару үдерісі 2040 жылдарға дейін созылуы мүмкін. Олар­­­дың мемлекеттен алған қарызы заң­­мен нақтыланбаса, қайтарылу мүм­­кіндігі де қиын­дай береді», дейді І. Исаев.

2023–2024 жылдардағы жо­ға­р­ы база­лық мөлшерлеме банктер үшін тиім­ді болды: 2024 жылы банктер салық төлегенге дейін 3 трлн теңге табыс тапты. Оның ішінде 451 млрд теңге КТС ретінде төленді. Бұл – кейінгі 15 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Сонда таза кіріс 2,2 трлн теңгеден асып тұр. Депозиттер базасы 13,3%-ға өсіп, 40 трлн теңгеге, кредиттік портфель 35 трлн теңгеге дейін өсті. Экономикаға тартылғаны – бар-жоғы шамамен 12 трлн теңге. Мемлекеттің демеу қаржысының да біраз бөлігін қайтармай отыр. Үкіметтің банктерге қарызды қайтаруды қайыра талап етуіне осы фактор себеп болғаны анық.

Сурет: caravan.kz

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.