Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНДЕРІ АШЫЛДЫ

09.02.2025202 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды. Аймақ басшысының қатысуымен ІІІ Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешендері ашылды. Салтанатты шараға жауапты сала басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Облыс әкімі тұрғындары жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, Сыр спортындағы жаңалықтарға тоқталды.
«Бүгін берекесі мен бірлігі жарасқан Қармақшы ауданында жаңа спорт кешендерін ел игілігіне табыстауға жиналдық.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде: «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», — деген болатын.
Бұл бағытта облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдайлар жасалуда.
Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі орталығы» іске қосылды. Халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Нысан биыл мамыр айында пайдалануға беріледі.
Жақын күндері Қызылорда қаласында 19 млрд. теңгеге көпбейінді «Қызылорда Арена» және 2 млрд. 900 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады.
Қармақшы ауданында спорт саласындағы жұмыстар жолға қойылған. Қазіргі таңда аудандағы спорт мектептерінде 3 мыңға жуық жастар мен жасөспірімдер спорттың барлық түрлерімен тұрақты шұғылдануда.
Өткен жылы аудан спортшылары республика чемпионаттарында 18 алтын, 25 күміс, 18 қола, Азия чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола, Әлем чемпионатында 1 қола медаль иеленді.
Халқымызда «Дені саудың — жаны сау» деген жақсы сөз бар. Сыр елі жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда топ жаруына заманауи үлгідегі спорт нысандарының тигізер үлесі зор.
Бүгін ашылған жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болсын дейміз.
Жаңа спорт ғимараттары құтты болсын!», — деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Қоғам қайраткерлері, Қызылорда облысының Құрметті азаматтары Бекмырза Еламанов пен Биғали Қаюпов құттықтау лебіздерін жеткізді.
Жаңадан ашылған спорт кешендері 120 адамға арналған. Кешендерде қазақ күресі, дзюдо, шахмат және тоғызқұмалақпен шұғылдануға арналған жаттығу залдары бар.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026963 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.