Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТҚАН ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛУДА
Аймақ жаңалықтары

ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТҚАН ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛУДА

06.02.2025148 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлердің үйірмелеріне қатысқан балалар бүгінде аумақтағы мәдениет үйлері мен клубтар, мектептердегі үйірмелерге тартылып жатыр. Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы жанынан арнайы штаб құрылып, аудандар мен Қызылорда қаласындағы мәдениет, спорт, білім салаларынан жауапты мамандар белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.
«Келісім шарт тоқтаған, жабылған үйірмелерге бұрын қатысқан балаларды білім, мәдениет, спорт мекемелеріне қамтудың бөлінісі жасалынды. Жабылған 415 үйірмеге 10247 бала қатысқан деген ақпарат бар. Зерделеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана нақты ақпарат айтылады. Десек те 10 мыңнан аса баланың жағдайын назарда тыс қалдырмаймыз. Олар мәдениет үйлері, орта мектептер мен оқушылар үйі, спорт кешендеріндегі тегін үйірмелерге қатысатын болады. Ол үшін әр бір ата-ана өзінің тұрғылықты мекен жайы бойынша баласын қауіпсіз саналатын мемлекеттік мәдениет үйі, клуб, оқушылар үйіндегі тегін үйірмелерге бере алады. Баласының құжаттарымен аталған мекемелерге хабарласуы керек. Біз қала аудандар бойынша бөліністі жасап ұсындық. Мәселен, Қызылорда қаласында 5356 бала бұрын жеке шығармашылық үйрмелеріне барған. Осыған орай, мәдениет үйлеріне 2000 баланы, орта мектептерге 1356 баланы қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Олар оқушылар үйіне және қаладағы көптеген спорт нысандарына қатынап, тегін білім ала алады. Осы сияқты жұмыстар аудандарда да жүргізілуде. Ата-аналармен тікелей байланысып отыратын арнайы жауапты мамандар да бекітілді,» — деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.
Айта кетейік, “Даму бала” бағдарламасы бойынша спорттық секциясымен 174 өнім беруші 16423 балаға қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда зерделеу нәтижесінде 119 өнім берушімен келісім шарт бұзылып, 55 кәсіпкер 5000-ға жуық балаға қызмет көрсетуде.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025216 Views

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025210 Views

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025524 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025

Биыл СҚО-да сүт өндіретін 8 заманауи кешен іске қосылады

04.12.2025

Президент мәдениет, білім беру және отбасы мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

04.12.2025

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

04.12.2025

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

04.12.2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордада студенттерге арналған экологиялық ашық сабақ өтті

04.12.2025

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр

03.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.