Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

05.02.2025252 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудан әкімдігінде тұрғындарды жеке қабылдады.
Қабылдауға келген 87 азамат «Карлаң» және басқа да көпірлердің құрылысын жалғастыру, әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үй, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, аяқ су тарту, жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты мүгедектік алу, тағы басқа мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары азаматтар қойған сауалдарды жан-жақты қарап, заң аясында тиісті түсіндірме берді.
Әйтеке би кентінің тұрғыны аудан орталығындағы тарихи ғимараттарды жаңғырту мәселесін көтерді. Аймақ басшысы бұл нысандардың тарихи-мәдени құндылығын, оларды келешек ұрпақ кәдесіне жарату үшін жұмыстар қолға алынатынын айтты.
Возможно, это изображение 3 человека, отдел новостей и текст
Сондай-ақ, қабылдауға келген тұрғын Қазалы ауданының сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылар жүйесін қайта жаңғырту мәселесін қозғады. Облыс әкімі бұл мәселе назарында екенін, сол жаға массивінің инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға облыстық, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғанын атап өтті.
Құқық қорғау органдарының басшылары келушілерді тыңдап, қойған сауалдарына қатысты заңдық кеңес берді. Барлық мәселе жан-жақты таразыланып, заң аясында шешім шығарылатынын айтты.
Кейінгі жылдары дәстүрге айналған осындай қабылдаулар алдағы уақытта Арал және Қармақшы аудандарында ұйымдастырылады.
Қабылдаудан кейін облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кейбір мәселелерді талқылады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202667 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.