Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Су тасқынына өңірлердің дайындығы қандай?
Жаңалықтар

Су тасқынына өңірлердің дайындығы қандай?

03.02.2025211 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде су басу қаупі бар 1 223 елді мекен бар екен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда су тасқынының алдын алу үшін өңірлерде арнайы шаралар мен инженерлік жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде министрліктің бөлімшелері бақылайды. Су тасқынына қарсы шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады.

Бүгінде  елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Жалпы, өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы  шара іске асырылды. Елді мекендерді қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгеттері мен біліктері салынған. Елді мекендердің ішінде жаңбыр мен дренаж жүйелері жөнделіп, салынуда. Сонымен қатар елді мекендерден қар шығару үшін қауіпсіз полигондар алдын ала анықталған.

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысы тексерілді. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығының негізгі су объектілері мен су тасқыны қауіпті учаскелерін бағамдады. ТЖД командалық-штабтық машинасы мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен өңір басшысы Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шыққан. Қазіргі уақытта ұзындығы 1 300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша  шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Асхат Шахаров Сазды су қоймасының ағымдағы жөндеу барысын да тексерді. Мұнда су жинау орнының түбін бөлшектеу, екі қатарлы арматурамен бетон құю және мұздан қорғайтын қабырғаны орнату жұмыстары аяқталған.

Бүгінде Алматы облысының Талғар ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Талғар қаласы әкімінің тікелей басшылығымен ұйымдастырылды. Шара  аясында Қазтуған Жырау көшесіндегі арық желілері мен арналарын, Тополевка өзенінің жағалауын тазарту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, бұл аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Талғар қаласында 38 шақырым арық жүйесі және 30-дан астам көше бар, олар қоқыстан тазартылды. Жақын арада осындай шараларды өткізу, сондай-ақ қосымша арналар салу жоспарланып отыр.

Астана су реттегіші құрылысына тексеру жүргізілген. Тексеру жұмыстары барысында ТЖД және ТЖ алдын алу комитетінің қызметкерлері «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының өкілдерімен бірлесіп, тасқын суларды қабылдауға және өткізуге, объектіні реконструкциялауға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қорытынды бойынша «Қазсушар» РМК АФ теңгерім ұстаушысына су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту бойынша барлық  шараларды тиісті жағдайда ұстау және қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев биылғы жылы Байзақ ауданы мен Тараз қаласындағы су тасқынының алдын алу, оның ішінде Талас өзені жағалауын нығайту іс-шаралары барысымен танысты. Тексеру барысында ТЖД қызметкерлері Байзақ ауданындағы Сарыкемер, Дихан, Аймантөбе және Қостөбе ауылдары арқылы өтетін Талас өзені  арнасын тазалауды және нығайту жұмыстарын қажет ететін су басу қаупі бар 6 қауіпті учаскені анықтады. Талас өзені жағалауын нығайту жұмыстары қаңтар айында басталды. Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы әкімдеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға су басу қаупі бар аймақтарды қосымша зерделеу, өзен арнасын тазарту және тереңдету, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Су тасқыны маусымы қарсаңында Шымкент қаласының ТЖД жергілікті атқарушы органдар және бассейндік инспекциямен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар учаскелерді көзбен шолып тексеру мақсатында жедел кеңес өткізді. Тексеру барысында ықтимал қауіптерге жан-жақты талдау жасалды.  Кездесу барысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға бағытталған алдын алу шаралары қаралды. Жағалауларды нығайту, су өткізу арналарының тазалығы және халықты уақытылы ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша, құзыретті мемлекеттік органдарға инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қосымша шараларды әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстар берілген.

 

Фото: istockphoto.com

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.