Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ТАСБӨГЕТ КЕНТІ: 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Аймақ жаңалықтары

ТАСБӨГЕТ КЕНТІ: 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР

29.01.2025214 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Өткен жылы кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытында мемлекеттік бюджет, демеуші көздері және инвестиция есебінен бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Атап айтсақ, кенттегі әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, Сабалақ саяжайының 22 көшесіне, сондай-ақ, кенттегі 6 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, Ә.Оразбаев көшесінің 1,8 шақырым бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Е.Ертуғанов, Ш.Есенов, А.Иманов көшелері абаттандырылды. Наурыз және Тасарық шағын аудандарындағы 10 үйдің шатыры жөндеуден өтті.
Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында кент әкімі аппаратының үнемделген қаржысы есебінен Ғ.Мұратбаев, Қ.Баймағанбетов, Т.Жүнісов, Ә.Молдағұлова көшелеріне 12 дана, Сабалақ саяжайына 2 дана аялдама орнатылды.
— Өткен жылы Сабалақ саяжайы тұрғындарының көптен бері көтеріп келген мәселесі аймақ басшысының тікелей қолдауымен оң шешімін тауып, саяжайға көгілдір газ желісін жүргізу үшін 3 кезеңнен тұратын жоба дайындалды. Жобаның жалпы құны 3 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде саяжайдың ішкі газ желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде, — деді кент әкімі Айдын Маратұлы.
Биылғы жылы да кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар әзірленген. Оның ішінде, кенттегі 4 көшеге орташа жөндеу, Сабалақ саяжайына жаяу жүргіншілер жолын салу, 2 дана балалар ойын алаңын салу, жаңа бейітті қоршау, 16 көпқабатты тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу, кент көшелерін жарықтандыру сынды жобалар қамтылған. Аталған жобалар қаржылай қолдау тапқаннан кейін тиісті құрылыс жұмыстары бастау алмақ.
— Өздеріңізге белгілі, кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыс орындарын ашып қана қоймай, экономикамыздың одан әрі өсуінің көрсеткіші болып табылады. Биыл да көптеген тұрғындарымызға мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдаланып, кәсіптерін ашуға, кеңейтуге кеңес берілді. Нәтижесінде 74 тұрғын өз жобаларын сәтті қорғап, 626,2 млн теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болды, — деп қорытындылады кент әкімі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.