Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 7,7 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛҒАН
Аймақ жаңалықтары

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 7,7 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛҒАН

29.01.2025249 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына 435 өтініш келіп түскен. Өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде олардың 60 пайызы бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов салада атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Бізге келіп түскен өтініштерді заңға сәйкес қарау барысында 244 өтініш қанағаттандырылып, 15 өтініш түсіндірілс, 151-і басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде, тұтынушыларға барлығы 7,7 млн теңгенің қаражаты қайтарылды. Сондай-ақ, есепті кезеңде департаментпен 40 нарық субъектісіне тексерулер жүргізілді. Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылдан бастап бізде «Сапалы өнім» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау мақсатында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында құрылған. Осы бағыт бойынша өткен жылы сауда үйлерінен 121 өнім сатып алынып, тексерілді. Сараптама қорытындысымен 98 өнімнен таңбалаудағы сәйкестіктер мен мемлекеттік тілде ақпараттардың жоқтығы анықталды. Алдағы уақытта да аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Аталған заң жобасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Бұл мәртебе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды мемлекеттік биліктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді,- деді Ерқасым Жайбергенұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202662 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202690 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.