Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Белбеуді бууға бел керек, шешімді қабылдауға ер керек — Нұртөре Жүсіп
Жаңалықтар

Белбеуді бууға бел керек, шешімді қабылдауға ер керек — Нұртөре Жүсіп

28.01.20257 963 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан мәселелері туралы Facebook әлеуметтік желісінде пікірін білдірді.

Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысының  төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысын жылдың басындағы аса қажет жиын деп атады.

«Елдегі экономикалық жағдай сарапқа салынды. Мемлекет басшысы түйінді сөзінде Үкіметтің және басқа да құзырлы органдардың жақын арадағы негізгі міндеттеріне тоқталды. Біздің Үкіметке жетпей жатқан бір іс болса — осы. Әр жер, әр өңірде нәтижелі жұмыс бар. Бірақ мәселеге тұтас қарау, ортақ шешімдер қабылдау, министрліктер жұмысын бірлесе отырып үйлестіру жағы жетіспейді.Мұны Мемлекет басшысы қадап тұрып айтты», деді Сенат депутаты.

 

Сенатордың пікірінше, сырттай қарасаңыз Үкімет жаппай жұмылып жұмыс істеп жатқан сияқты. Апта сайын Үкімет отырысы өтеді. Премьер-министр тапсырма береді. Шапқылап жүрген бір адам. Ал нәтиже қандай? Берілген тапсырма орындалды ма? Орындалмаса неге орындалмады? Сұрау жоқ секілді.

«Тапсырмалар бар. Тиянақты орындау жағы аз. Сұрау, бақылауға алу, өз міндеттерін дұрыс атқармағандарды жауапқа тарту жағы байқалмайды. Осы қалыппен кете берсек, бәрі жәй әшейін сөз түрінде қалады. Сондықтан «белбеуді бууға бел керек»! Жедел шешім қабылдауға Ер керек! Жауапкершілікті өз мойнына ала білу деген талап орнықса дейміз. Осы уақытқа дейін экономиканы дамыту үшін «кластер керек» дедік. Одан кейін «инновация керек» дедік. Сосын «индустриализация керек» дедік. Қанша миллиард қаржы кетті соның бәріне!Жауап берген біреу бар ма?», деп жазды Нұртөре Жүсіп.

 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отырғандығын ашық айтты.

Бұл ретте сенатор құлықсыздықтан қалай құтыламыз? Жауапсыздықты қалай реттейміз? Дербес шешім қабылдауға қашан көшеміз? Үкіметтің тағдыры ең алдымен осы сауалдарға жауап табуына тікелей байланысты болады-ау деп түйіндеді.

Фото: Ашық дереккөз

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.