Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Трамп 2021 жылы Капитолийге басып кірген мыңдаған адамды босатты
Жаңалықтар

Трамп 2021 жылы Капитолийге басып кірген мыңдаған адамды босатты

21.01.2025749 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трамп қызметіне кірісе сала, 2021 жылдың 6 қаңтарындағы Капитолий ғимаратына басып кірген мыңдаған адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды ultnews.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Капитолий ісі бойынша Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай, Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған болатын.

Трамп өз сөзінде: «Олар бүгін босатылады деп үміттенемін. Олар осы сәтті ұзақ күтті. Шамамен 1 500 адам», – деп мәлімдеді.

Алайда кейінірек журналистер нақты сан басқаша екенін анықтады. Шын мәнінде, шамамен 1 600 адам кешірімге іліккен.

Сондай-ақ Трамп Oath Keepers және Proud Boys сияқты оңшыл радикалды топтардың 14 мүшесінің жазаларын жеңілдетті. Бұл тұлғалар бүлік ұйымдастыруға қатысқаны үшін сотталған еді.

Қызметіне жаңадан кіріскен Дональд Трамп бұдан бөлек Джо Байденнің президенттік кезінде қабылданған 78 шешімді жоятын жарлыққа қол қойды. Оның ішінде АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлығы бар. Сондай-ақ атқарушы жарлықтар, меморандумдар және басқа да құжаттар кіреді.

Айта кетейік, 20 қаңтар күні Вашингтонда Дональд Трамптың инаугурациясы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.