Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17.01.2025478 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі штаб отырысы өтті.
Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ интеграцияланған шешімдер департаменті инвестициялық жобалар басқармасының басшысы Мағжан Серікбаев, «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Абсаметов, «АКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры Нұрбол Жаңабеков пен жауапты сала басшылары селекторлық режим арқылы қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтсақ, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмыс барысы, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалары және ірі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері.
​Басқосуда Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңірлер мен экономиканың нақты секторларын кешенді дамыту туралы тапсырмаларын орындау негізгі басымдық екенін айтып, Сыр еліндегі жұмыстарға оң бағасын берді.
​«Бүгін Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың осы жылғы алғашқы отырысын өткіземіз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұған дейінгі көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тапсырма берілді, оның ішінде цифрлық платформаны ақпаратпен сапалы толтыру тапсырылды.
Өңдеу өнеркәсібі, тау-кен, металлургия және агроөнеркәсіптік кешенді қамтитын, осы жылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен қаржы институттарының белсенді қатысуы талап етіледі.
Жалпы әкімдіктер аймақтың ерекшеліктерін ескеріп, өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесін арттыруы, экономиканың нақты секторларындағы инвестициялық жобаларға басымдық беруі, қолдауды күшейтуі қажет. Әрбір өңірде аймақтық дамудың берік негізін құрайтын ірі жобалар болуға тиіс.
Атап өту қажет, Қызылорда өңірінің даму қарқыны өте жақсы. Барлық секторда белсенділік танытып келеді. Осы жұмыстарды одан әрі жалғастыру маңызды. Қаражатты мақсатты жұмсап, ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыратын аймақтарға біздің тарапымыздан әрқашан қолдау көрсетіледі», – деді С. Жұманғарин.
Штаб отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, алдағы жоспарлар туралы айтты.
«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталды. 2024 жылдың қорытындысымен экономикалық көрсеткіш 107,0 пайызды (2023 жылы – 107,3%) құрады.
Жоспар бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3,2 трлн. теңге, өсім 6,3 пайыз болады деп күтілуде. Бюджеттің өз кірістерінің көлемі 44 пайызға ұлғайды, барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштің өсімі қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібі 19,6 пайызға, ауыл шаруашылығы 2,3 пайызға, тұрғын үй 16,9 пайызға, көлік 2,8 пайызға, сауда 6,6 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 53,8 пайызға артты.
Өткен жылы облысымызға барлық көздерден 639 млрд. 500 млн теңге инвестиция тартылды. 2023 жылмен салыстырғанда өсім 21,7 пайыз, республикалық көрсеткіштен (РК – 107,5%) 3 есе артық орындалды. Жеке инвестициялардың үлесі 70,5 пайыз. Өңірге шетелдік инвесторларды, озық технологияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда», – деді Н.Нәлібаев.
Сондай-ақ, жиында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инвестициялық жобалар туралы баяндады. «Шалқия мырыш ЛТД» АҚ бас директоры Асқар Тілеулин, «Арал Сода» ЖШС құрылтайшысы Дәурен Мұқашев өндірістегі мәселелерді ортаға салды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ҰЛТТЫҚ МЕДИА — ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ»

25.06.2025719 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

25.06.2025310 Views

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

25.06.2025839 Views
Соңғы жаңалықтар

«ҰЛТТЫҚ МЕДИА — ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ»

25.06.2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

25.06.2025

«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ӨТТІ

25.06.2025

Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей

23.06.2025

Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады

23.06.2025

Олжас Бектенов ЕҚДБ президентімен кездесті

23.06.2025

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.